МөЖ 1 Қазақстанның жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім тарихы бойынша интеллект-карта құру


-жаттығу: Қатысушылар шеңбер құрап отырады



бет3/3
Дата22.11.2022
өлшемі233,71 Kb.
#51776
түріСабақ
1   2   3
5-жаттығу: Қатысушылар шеңбер құрап отырады.
Нұсқаулық: «Қане, барлығымыз біріге сурет салайық. Мен үлкен парақты алып, оның бетіне бірнәрсе саламын, одан соң кенепті Торғынға беремін ( жаттықтырушының сол жағында отырған топ мүшесі). Ол оның бетіне ойына келген заттың суретін салады да, бізге не салғанның айтып, ары қарай береді».
Жаттықтырушы топ мүшелерінің қиялдағы суретті қалай салатындығын түсінгеннен кейін, суретті салуға кіріседі, ол елестеткен парақты алып. «Мен парақты алып, оған көкжиектің шетін саламын» дейді, одан кейін болашақ суретті сол жағында отырған адамға береді. Жаттықтырушы әрбір қатысушы ненің суретін салғанын мұқият тыңдап, есіне сақтайды, әрқайсының қолында болып қайтқан сурет жаттықтырушының қолына тиеді ол: «Енді мен қолыма парақты ұстап тұрмын және оның бетінен өзім салған көкжиектің шетін көріп тұрмын...» - қандай сурет салғанын сол адамға назар аудара айтады. Мысалы, «...мен оның бетінен өзім салған көкжиектің шетін, Торғын, сен салған теңізді, Берік, сен салған жағалауды, және Айдың сен салған алауды және т.с.с көріп тұрмын».
Мақсаты: Бұл жаттығуды орындау нәтижесінде топта жақсы эмоциялардың бірігуі байқалады. Кейде, тіпті, сезімдер, эмоциялар мен бейнелердің әсер етуі соншалық, нақты жұмысқа ауысуда қиындықтар туады. Мұндай кезде топ мүшелеріне «Сіз өзіңізді қалай сезінесіз?» немесе «Мүмкін сіз өз сезімдеріңіз, уайымыңызбен, ойларыңызбен бөлісерсіз?» деген сұрақтар қою арқылы сезімдері мен эмоцияларын жинақтауға мүмкіндік беру қажет.
Бұл жаттығуды топ мүшелері бір-бірін жақсы сезініп, жұмысы барысында топтық құндылықтарды аша түсетін топ жұмысының 3-4 күндерінде өткізгенде жақсы нәтиже береді.
6-жаттығу: «Жұмылған көзбен қол беріп амандас».
Бір қатысушының көзін байлайды және бөлменің орталығына отырғызады. Қалғандары кезекке өзінің алақандарын оның қолдарына қояды. Жүргізуші бір адамды таңдап осы бірінші қатысушының алақанын беріп амандасуы керек, ал ол болса кімнің қолы екенін анықтауы қажет. Кейін ойыншылар орындарымен ауысады. Мақсат: қатысушылардың арасындағы ара қатынасты байланыстырып, өз ойын дамыту.
Қоштасу
Нұсқаулық: Құрметті оқушылар отырысымызды қоштасу рәсімімен аяқтайық. Менің қолымда үзілген мойыншақтар жиыны тұр. Осы моншақтарды кезекпен бір жиынға жинай отырып, бір-бірлеріңізге жылы лебіздеріңізді білдірулеріңізді сұраймыз.
Рефлексия: Еркін түрінде қатысушылар психологиялық тренингтен алған әсерлері туралы пікірлерін алма формасындағы стикерлерге жазып, қасиетті талға жабыстырады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет