Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Биология және биотехнология университеті Алмата 2022 жыл.
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Тарихы
2.2. Қазіргі биологияның негіздері
2.3 қазақстандағы биология ғылымы
ІІІ. Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе:
Биология (көне грекше: βιολογία; βίος – өмір + λόγος – ғылым) — жаратылыстану ғылымдарының бір саласы. Тірі организмдерді және олардың қоршаған ортамен арақатынасын зерттейтін ғылым. Биология жанды нәрселерде тіршіліктің барлық көріністерімен айналысады. Биология ғылымы тірі организмдердің құрылысын, функциясын, өсіп-жетілуін, шығу-тегін, эволюциясы мен Жер бетінде таралуын қарастырады. Бұл ғылым организмдердің классификациясын жасап оларды суреттейді, олардың функцияларына үңіледі, түрлердің қалай пайда болатынын сипаттаумен қатар организмдердің бір-бірімен қатынасын және табиғи ортасымен арақатынасын зерттейді.
Тарихы:
«Биология терминін ғылымға алғаш 1797 ж. Неміс ғалымы Т.Руз енгізген. Биология оңтүстік шығыс елдерінде (Қытай, Жапония, Үндістан) 6-1 ғасырларды дами бастағанымен, тіршілік құбылыстарына жүйелі түрде сипаттама берген грек және рим философтары мен дәиігерлері