Мойынның клиникалық анатомиясы Жалпы деректер


Фасция аралық шелмайлық кеңістіктер және олардың клиникалық маңызы



бет5/26
Дата15.12.2023
өлшемі68,04 Kb.
#138729
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
Мойынны клиникалы анатомиясы Жалпы деректер

Фасция аралық шелмайлық кеңістіктер және олардың клиникалық маңызы
Мойын фасциялары жапырақшаларының арасында қантамыр-нервтік шоғырлар және лимфа тамырлары мен түйіндеріне бай шелмайлық кеңістіктер орналасады. Мойынның бес фасциялық және фасцияаралық шелмай кеңістіктерінің құрылыстық ерекшеліктеріне қарай, мойындағы қабыну үдерістерінің клиникалық санаты әртүрлі болады. Құрылысы жағынан фасция жапырақшалары арасындағы кеңістіктер екі түрге ажыратылады: 1) тұйықталған (салыстырмалы алғанда) фасцияаралық кеңістіктер (қапшықтар немесе қалталар тәрізді); 2) өзара байланыстағы кеңістіктер (инфекциялық ошақтың орын ауыстыруына жол ашады).
Тұйықталған кеңістіктерге жататындар: жақасты безінің соқыр қапшығы (saccus glandulae submandibularis) екінші фасцияның екі жапырақшасымен және төменгі жақсүйектің ішкі бетінің қабығымен шектелген (фасция осы жерде бекінеді). Бездің шығару түтігі бар, ол тіласты бүртігінде ашылады және осы түтіктің бойымен, сонымен қатар қантамыр-нервтік шоғырдың жанымен аталған соқыр қапшық ауыз қуысы түбінің шелмайымен және бет пен мойын аймақтарымен байланысады.
Төссүйек үсті апоневроз аралық кеңістік (spatium interaponeuroticum suprasternale) төбесі жоғары қараған, ал түбі төстің мойындырық ойығына бағытталған үшбұрышты кеңістік. Алдыңғы жағынан екінші фасциямен, артынан үшінші фасциямен шектелген, фасциялар орындалуына сәйкес бұғана мен төстің алдыңғы және артқы беттеріне бекінеді. Аталған кеңістіктің төссүйек үстінен 3см жоғары тұста екі бүйірлік тұйықтар жалғасы бар. Бұл екі бүйірлік соқыр қапшықтар төс-бұғана-емізіктік бұлшықеттің төменгі бөлімдерінің артында орналасқан. Төссүйек үсті кеңістікте, шелмайдан басқа, лимфа түйіндері және алдыңғы немесе ортаңғы мойындырық веналарымен жалғасатын мойындырық вена доғасы жатады.
Төс-бұғана-емізік бұлшықеттің артындағы соқыр қапшықтарды Ресейде жұмыс істеген австриялық анатом В.Л.Грубер ашып, суреттеп жазған. Бұлшықет екінші фасцияның екі жапырақшасымен қоршалған. Сыртқы жапырақша бұлшықетпен берік байланысқан, ал тереңдегісі бұлшықеттен оңай ажырайды. Іріңдік инфекция төссүйек үсті кеңістіктен аталған қапшыққа өтіп, бұлшықеттің ісініп, шұжық тәрізді қампаюына әкелуі мүмкін.
Осыған ұқсас инфекцияның бұлшықет қапшығына өтуі самай сүйектің емізік тәрізді өсіндісінің ұяшықтарынан болуы мүмкін (мастоидиттен болатын түрі). Бұлшықет фасциясының ішінде жиналған ірің жұқа жапырақшалы фасцияны тесіп, мойынның сыртқы үшбұрышына жайылып кету қаупі бар.
Тұйықталмаған (яғни, маңайында байланыстары бар) шелмайлық кеңістіктер инфекцияның таралып кетуіне неғұрлым ашық болады. Осындайларға жататыны – мойынның ішкі ағзаларының алдындағы кеңістік (spatium previscerale), ол төртінші фасцияның париеталды жапырақшасы висцералды жапырақшасына ауысатын аралығында орналасқан. Бұл аралық төссүйек тұтқасының артқы жақ деңгейінде жатады. Бұл кеңістіктің шелмайы алдыңғы көкірекаралықтан өте жұқа фасцияның табақшамен бөлініп тұрады, онымен қабат жұқа табақшаны қантамырлар тесіп өтеді. Кеңістік лимфа түйіндеріне толы және қалқанша бездің сыңар веналық өрімі мен одан жан-жаққа тарамдалатын төменгі қалқанша веналар, сонымен қатар сирек жағдайда ортаңғы сызықпен қалқанша безге қарай өрлейтін қалқанша бездің төменгі артериясы орналасады (a.thyroidea irna). Кеңірдектің алдындағы жұқа шелмай қабаты вицералды фасциямен жабылған. Кеңірдек алды фасция деп аталатын осы шандырды трафеостомия операциясын жасау кезінде теріге тігіп қойған абзал, себебі теріасты немесе көкірекаралық эмфизма болу қаупі бар.
Өңеш пен жұтқыншақ артында орналасқан кеңістік төртінші фасцияның висцералды жапырақшасымен және бесінші (омыртқа алды) фасциямен жабылған. Өңештің қабырғасы бөтен затпен (сүйек т.б.) жарақаттанғанда инфекция өңеш артындағы шелмайға өтеді, одан әрі оп-оңай артқы көкірекаралыққа түсіп - өте қауіпті ауыр асқыну – артқы медиастенитке алып келеді.
Медиалды (негізгі) қантамыр – нервтік шоғыр (жалпы ұйқы артериясы ішкі мойындырық венасы және кезбе нерві) шамалы ғана шелмай қабатымен қоршалған және төртінші фасцияның париеталды жапырақшасымен шектелген қантамыр-нервтік кеңістікті (spatium vasonervorum) құрайды. Аталған кеңістік жоғары қарай бассүйектің астына дейін, төмен қарай алдыңғы көкірекаралыққа дейін созылады. Кейбір ғалым – дәрігерлердің жазуларына сүйенсек (В.Ф. Войно-Ясенецкий): қалқанша бездің іріңдік қабынуынан тромбофлебит және ішкі мойындырық венасының тесілуі нәтижесінінде іріңдік процесс алдыңғы және артқы көкірекаралыққа таралып, бұғана үсті мен жауырын астына дейін барғандығы көрсетілген.
Латералды (сыртқы) үшбұрыштың төменгі бөлімінде екінші және бесінші фасциялар аралығында едәуір шелмай қабаты анықталады, мұнда бұғанаасты венасы мен артериясы және иық нерв өрімі, оның тармақтары мен лимфа түйіндері жатады. Өкпе қабының (плевраның) күмбезінде орналасқан бұғанаасты артериясының айналасымен шелмай қабаты алдыңғы көкірекаралықтан бұғана үсті шұңқырына одан әрі қолтықасты аймаққа, сондай-ақ vasa suprascapularis бойымен жауырынның қылқан үсті ойысына созылады. Оған қоса шелмай қабаты трапеция тәрізді бұлшықеттің астына да таралады.
Омыртқа алды кеңістік (spatium prevertebrale) бесінші фасция мен мойын омыртқалары арасында орналасқан, мұнда мойын мен бастың ұзын бұлшықеттері, симпатикалық бағаналар өтеді. Бұл кеңістіктің іріңдік асқынулары мойын омыртқаларының патологиясымен байланысты (мысалға туберкулез немесе одан басқа себептер). Инфекция бұл кеңістіктен кеуде қуысына тарап кетуі мүмкін.
Жоғарыда келтірілген кеңістіктерден басқа, мойынға инфекцияның ауысуы бастың әртүрлі аймағынан шелмай қабаттары арқылы, сондай-ақ гематогендік және лимфогендік жолдармен іске асуы әбден мүмкін.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет