Мойынның клиникалық анатомиясы Жалпы деректер



бет8/26
Дата15.12.2023
өлшемі68,04 Kb.
#138729
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26
Байланысты:
Мойынны клиникалы анатомиясы Жалпы деректер

Қабаттары. Үшбұрыш қабаттары басқа аймақтарға ұқсас, яғни: тері, теріасты бұлшықетпен бірге бірінші фасция, екінші фасция, үшінші фасция бұл жерде жоқ, бірден аздаған шелмай қабаты және төртінші фасция, оның астында беткейірек ішкі мойындырық венасы, одан соң медиалдылау – жалпы ұйқы артериясы және олардың арасында кезбе нерві – бұлар төртінші фасцияның париеталды жапырақшасына оранған. Ішкі мойындырық венасының ортаңғы үштік бөлігі тұсында, тамырларды мойынның нервтік ілмегі (ansa cervicalis nernoram) көлденең кесіп өтеді, ол тіласты нервінің (ХІІ жұп) төмендеуші тармағымен, І-ІІІ мойын-жұлын нервтерінің түбіршектерінің байланысынан құралған. Аталған нервтік ілмектен тіласты сүйегінен төмен орналасқан алдыңғы бұлшықеттерге бұтақтар барады. Қалқанша тәрізді шеміршектің жоғарғы шеті деңгейінде (немесе сәл жоғарылау) жалпы ұйқы артериясы екіге бөлінеді: сыртқы және ішкі ұйқы артериялары.
Сыртқысы мойынға және бетке, желкеге, самайға тармақтар береді, ал ішкі ұйқы артериясы әдетте мойында ешқандай тармақтар бермейді, ол жоғары көтеріліп бассүйек ішіне canalis caroticus өзегі арқылы енеді. Сыртқы ұйқы артериясы ішкі ұйқы артериясынан ішкері және алдына таман орналасады және тура бөлінген жерден сәл жоғарырақ жоғарғы қалқанша артериясын, одан соң тіл артериясын, соңынан бет артериясы мен төс-бұғана-емізіктік артерияны береді. Ішкі ұйқы артериясы сыртқы артерияға қарағанда сәл латералды және артқа таман өтеді және өзінің бастама бөлігінде шамалы кеңейген қойнаушы жасайды (sinus caroticus). Сыртқы және ұйқы артерияларының бөлінетін жерінде ұйқы түйіншегі орналасады (glomus caroticum), оны өте нәзік препараттау нәтижесінде табуға болады, пішіні мен үлкендігі күріштің дәніндей, ал түсі сұрғылт-сары болады. Синус пен гломус тіл жұтқыншақ нерві тармақтарымен және вегетативті нерв талшықтарымен (хемо- және барорецепторлар) қамтамасыз етіледі. Бұл маңай өте маңызды рефлексогендік аймақ болып табылады, оны механикалық тітіркендіру, жарақаттау немесе жіппен, қысқышпен қысу қан қысымының төмендеуіне және жүрек жұмысының бұзылуына алып келеді. Ежелден мойын тұсынан ұру өте қауіпті болып есептеледі. Көне тибет медицинасының қағидаларында мойын организмнің ең маңызды бөлігі деп көрсетілген. Мойын аймағынан ұру дзюдо және басқа шабуылдау немесе қорғаныстың жүйелерде қолданылады. Жапонияда шок болған жағдайларда бұғананың ортасына, VІІ мойын омыртқалық қылқанды өсіндісіне, табанның сыртқы қырына тоқылдату сияқты артнаулы қайта жандандыру әдістері қолданылған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет