Байланысты: Мойынны клиникалы анатомиясы Жалпы деректер
Жұтқыншақ және өңеш Жұтқыншақ (pharynx) жоғарыда бассүйек түбіне бекініп басталады да, төменде VІ мойын омыртқа деңгейінде өңешке жалғасады. Оның бүйірлік және артқы қабырғалары жұтқыншақ бұлшықеттерінен құралған, ішкі беті кілегейлі қабықпен қапталған. Алдыңғы жағында жұтқыншақ жоғарыдан төмендегенде мұрын жолдарына, жұмсақ таңдайға, ауыз қуысына және көмейге ашылады. Сол себептен жұтқыншақтың үш бөлімін ажыратады:1) мұрын-жұтқыншақ-бассүйек түбінен қатты таңдай деңгейіне дейін созылады. Мұнда оның бүйірлік қабырғаларында есту (евстахий) түтіктерінің тесіктері ашылады; 2) ауыз-жұтқыншақ-тіласты сүйегі деңгейіне дейін; 3) көмейлік бөлім – соңғы бөлімі жұтқыншақтың өңешке ауысқанға дейінгі аралығы. Жұтқыншақ қабырғаларында, (мұрын бөлігінде) және ауыз қуысы бөлімінде лимфоидтың фолликулдардан басқа бұл шеңбердің құрамына төменде көрсетілген бадамша бездер кіреді: 1) жұтқыншақты (жұтқыншақтың бассүйекке-бекінетін жерінде), 2) түтіктік – есту түтіктерінің тесіктері жанында (бұлар жұп), 3) таңдайлық – аңқада, таңдай доғашаларының арасында (бұлар да жұп), 4) тілдік – тілдің түбірін алып жатады. Аталған Пирогов шеңберін барлығы 6 бадамша без құрайды.
Өңеш – (oesophagus) жұтқыншақтың жалғасы болып табылады, оның басталатын жері сақина тәрізді шеміршектің артқы жағы, VІ мойын омыртқаның деңгейі, әрі қарай төменде кеуде қуысына өтеді. Өңештің жалпы ұзындығы, оның басталатын тұсынан асқазанның кардиалды бөлігіне дейін 25см. Оның ішінде-мойын бөлігі 4-6см, кеуде бөлігі 17-18см, құрсақтың бөлігі 2-3 см тең. Асқазаннан зерттеу үшін сұйықтық алатын аспаптық (зонд) ұзындығы 40см болуы қажет, себебі алдыңғы тістерден асқазанға дейінгі өңештің ұзындығы осындай. Омыртқа бағанасымен салыстырып қарасақ, өңеш ҮІ мойын омыртқадан ХІ кеуде омыртқа деңгейіндегі аралыққа созылады. Өңеш өз ұзындығында үш жерде тарылады: бірінші тар жері – бастапқы бөлімінде, яғни жұтқыншақтың өңешке ауысатын тұсында. Бұл тарылатын жердің диаметрі көлденеңінен 1,5см шамасында, осы жерде өңеште кесек, бөтен заттар тұрып қалуы кездеседі. Екінші тарылатын жері кеңірдектің екі бронхларға айырылатын тұсында, ал үшіншісі - өңештің кенеттен өтетін жерінде орналасқан. Өңеш сыртынан борпылдақ дәнекер тінмен қоршалған, сондықтан ол орнынан қозғалғыш және созылғыш қабілетіне ие. Мойында өңештің алдында кеңірдек орналасады, соңынан кеуде қуысының жоғарғы саңылауына жақындаған сайын, өңеш ортаңғы сызықтан солға қарай ығысады да, кеңірдектің сол жағынан шығыңқы орналасады. Осыны ескере келе хирургтар өңешке операцияны жасау үшін сол жағын ала ашуды дұрыс көреді.
Өңештің жоғарғы бөліміне қалқанша бездің бөліктері жанасады, сонымен қатар (оң жағынан 1-2 см, ал сол жағынан 0,15см аралықта) жалпы ұйқы артериялары өтеді. Артқы жағында өңеш омыртқа алды фасцияда жатады, одан тереңірек шелмай қабаты орналасқан – ол жоғарыда жұтқыншақ артына, ал төменде артқы көкірекаралыққа жалғасады.
Жұтқыншақ пен өңештің мойын бөлімі қанмен жоғарғы және төменгі қалқанша артерияларынан қамтамасыз етіледі, ал нерв тармақтары – кезбе нервтен және симпатикалық бағанадан келеді.
Лимфа тамырлары лимфаны мойынның негізгі қантамыр-нервтік шоғырының бойындағы түйіндерге апарады. Мойындағы Пирогов веналық бұрышы аймағында (ішкі мойындырық және бұғанаасты веналарының бір-біріне қосылатын жері) лимфалық түйін орналасқан. Бұл түйіннің клиникалық жағынан маңыздылығы - өңештің төменгі бөлімінен және асқазанның бастапқы бөлімінен метастаздар болса оның ерекше үлкеюі болып табылады.