4.4-сурет ). Осындай компле- ментарлық жұптасу негізінде жұп негіздер қос спиральда энергиялық тұрғыдан ең
ұтымды жағдайда бірігеді. Осы қалыпта қос спиральдағы нуклеотидтер арасы бірдей
қашықтық түзеді және қант-фосфаттық қаңқадағы қалдықтар тұрақты қашықтықта
орналасады. Жұптасудың эффективтілігін арттыру мақсатында қант-фосфаттық қаңқа
бірін-бірі айналып орналасады және спиральдағы әрбір айналымда он нуклеотид қал-
дықтары орналасады (
4.5-сурет ).
4.4-сурет. ДНҚ-ның қос тізбекті спираліндегі комплементарлы жұп негіздер. Азоттық негіз-
дердің пішіні мен химиялық құрылысы сутектік
байланыстардың тек А мен Т және Ц мен Г
арасында түзілуіне ғана мүмкіншілік береді.
(2.3-панельді қараңыз). А мен Т арасында екі, ал
Ц мен Г арасында үш сутектік байланыс түзіледі.
Азоттық негіздер осы жолмен жұптасуы олар
орналасқан екі тізбек бір-біріне антипараллель
болған жағдайда ғана мүмкін болады.
Қос спираль құрамындағы әрбір негіз-
дерінің мүшесі спираль құрамындағы екі
тізбек бір-біріне антипараллельболған
жағдайда ғана бір-біріне сай келеді. ДНҚ
молекуласының жұптық негіз құруының
талабына ДНҚ-ның әр тізбегінің құра-
мындағы нуклеотидтер тізбегінің екінші
тізбектегі нуклеотидтерге нақты комплиментарлы болатынын жатқызуға болады.
ДНҚ құрылымы тұқым қуалау механизмін ұсынады
ДНҚ құрылымының ашылуы тұқым қуалаудың негізгі екі сұрағына жауап берді. Бірін-
шісі, организмді анықтайтын ақпарат қалай және қандай химиялық күйде болады? Екін-
шісі, осы ақпарат қалай дупликацияланады және ұрпақтан ұрпаққа қалай көшіріледі?
Бірінші сұрақтың жауабы ДНҚ-ның төрт түрлі бірліктен тұратын ұзын сызықты по-
лимер болатындығынан шығады.
Екінші сұрақтың жауабы ДНҚ-ның қостізбекті құрылымдық табиғатынан шығады:
әр тізбектегі нуклеотидтер басқа тізбектің нуклеотидтеріне комплементарлы болатын-
дықтан әр тізбек матрица ретінде қолданыла алады. Егер әр тізбекті S және S’ деп
белгілесек, S тізбек S’ тізбектің синтезі, ал S’ тізбек S тізбегінің синтезіне бастама бола