161 3.33-сурет. Приондық ауруларды тудыратын ар- найы белок аггрегациялары. (A) Амилоид талшығы-
на қажетті материалды түзетін PrP (приондық белок)
белогындағы конформациялық өзгерістер түрлерінің
сызбанұсқалық көрінісі. (Ә) Белок аггрегациялары-
ның өздігінен инфекциялану табиғаты приондық ау-
руларға ортақ болады.
PrP белогының PrP* атты фолдингке дұрыс ұшы-
рамаған түрі қалыпты белокпен әрекеттесу нәтиже-
сінде қалыпты белокта конформациялық өзгерістер
тудырады.
Осы айтылғандарға өте ұқсас «белоктың
тұқым қуалау» процесі ашытқыларда да бай-
қалған. Инфекциялық белоктарды ашытқы-
ларда зерттеу мүмкіншілігі приондардың
басқа да айтарлықтай қасиеттерінің ашылуы-
на мүмкіндік берді. Мұндай белоктардың бір
полипептидтік тізбек түрінен бір-бірінен ерек-
шеленетін амилоид талшықтарының әртүрлі
типтерін түзе алатындығы ашылды. Осыған
қоса, агрегаттардың әр түрі инфекциялы бола
алады және қалыпты белок молекулаларын
қалыпсыз күйге айналдырады. Сондықтан,
инфекциялық бөлшектердің бірнеше әртүрлі
«штамдары» бір түрлі полипептидтік тізбек-
тен пайда бола алады.
Амилоидтық құрылымдар клеткада
маңызды қызмет атқара алады
Амилоидтық талшықтарды олардың ауру ту-
дыратын қасиетіне байланысты зерттей баста-
ды. Бірақ, клетка амилоидтық талшықтар
сияқты құрылымдарды өзінің пайдалы әрекеттері үшін қолданады. Эукариоттық клет-
калар секрециялайтын белоктар мен полипептидтік тізбектердің көптеген түрлерін ар-
найы «секреторлық түйіршіктер» түрінде сақтайды. Қалыпты жағдайда түйіршіктердің
құрылымы тығыз амилоид талшықтарынан құралады және осы түйіршіктерде белоктар
мен полипептидтік тізбектер жоғары концентрацияда болады. Бұл түйіршіктер экзоци-
тоз көмегімен клетка сыртына шыққан кезде амилоид талшықтары еруге қабілетті күй-
де болуы керек және ішіндегі полипептидтік қоспаны сыртқы ортаға босата алуы тиіс
(
3.34А-сурет ). Бактериялардың бір тобы амилоидтық құрылымдарды көптеген жол-
дармен пайдаланады. Клетка сыртына шығатын ұзын амилоид талшықтарын түзетін
секрециялаушы белоктар көршілес бактериялардың қабықшаларымен байланысуға
мүмкіншілік береді (3.34Ә-сурет). Биофильм бактерияларға аса қауіпті ортада (соның
ішінде антибиотиктермен емделетін адам денесінің ішінде) аман қалуға мүмкіншілік
беретіндіктен, бактериялық амилоидтардан тұратын фиброздық торды үзуге бағыт-
талған жаңа дәрмектер адам инфекцияларын емдеу үшін қолдануға мүмкіндік береді.