Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет209/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

4.1-КЕСТЕ.
 
Адам геномының кейбір тіршілік статистикасы
Адам геномы
ДНҚ-ның ұзындығы
3,2 х 10
9
нуклеотидтер жұбы*
Белоктарды кодтайтын гендер саны
Шамамен 21000
Белокты кодтайтын ең ұзын ген
2,4 х 10
6
нуклеотидтер жұбы
Белокты кодтайтын гендердің орташа ұзындығы
27000 нуклеотидтер жұбы
Генге шаққандағы экзондардың ең кіші саны
1
Генге шаққандағы экзондардың ең көп саны
178
Генге шаққандағы экзондардың орташа саны
10,4
Ең үлкен экзонның ұзындығы
17106 нуклеотидтер жұбы
Экзонның орташа ұзындығы
145 нуклеотидтер жұбы
Кодтамайтын РНҚ саны
Шамамен 9000**
Псевдогендердің (жалған гендер) саны***
20000-нан астам
Экзондардағы ДНҚ тізбегінің пайызы (белок кодтаушы 
тізбектер)
1,5%
Басқа жоғары консервативтік тізбектердегі ДНҚ пайызы****
3,5%
Жоғары көшірмелік қайталым элементтердегі ДНҚ пайызы
Шамамен 50%
* - 2.85 миллиард нуклеотидтер нақты белгілі (қате деңгейі шамамен 100000 нуклеотидте 1). 
Қалған ДНҚ көбінесе тандемдік түрде қайталанатын қысқа тізбектерден тұрады. Осындай 
тізбектерді секвенирлеу өте қиын.
** - осы сан тек өте анайы болжау
*** - псевдогендер (жалған гендер) ДНҚ тізбегі функционалдық генге ұқсас болатын, 
бірақ өнімнің дұрыс әрекеті мүмкін емес, себебі оның құрамында мутациялар өте көп 
болады. Псевдогендердің көпшілігі, функциональдық гендердің дупликациясы кезінде, 
мутациялардың геннің бір көшірмесінде жинақталу нәтижесінде пайда болады
**** - осы консервативті функционалдық аудандарға 5’- және 3’-трансляцияланбайтын 
тізбектер (мРНҚ-ның реттегіш аудандары), ДНҚ-ны анықтайтын функционалдық және 
құрылымдық РНҚ-лар мен консервативті белокпен байланысу сайты бар ДНҚ жатады.
Экзон мен интрондарға қоса геннің құрамына оның қажетті уақытта қосылуын 
және өшірілуін, қажетті деңгейде және қажетті клеткада экспрессиялануын қамта-
масыз ететін реттегіш ДНҚ тізбектері кіреді. Адамдарда қалыпты геннің реттегіш 
тізбектері мыңдаған нуклеотидтер жұбынан тұра алады. Ал геномы кішкентай келетін 
организмдерде осы тізбектер тығыз орналасады. 
Соңғы онжылдықта ашылған жаңалықтар биологтар үшін ерекше болды. Адамның 


ХРОМОСОМАЛЫҚ ДНҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ ХРОМАТИН ЖІПШЕЛЕРІМЕН ҚАПТАЛУЫ
229
геномындағы 21000 генге қоса белоктарды кодтамайтын, бірақ әртүрлі функциялары 
бар РНҚ-ларды кодтайтын көптеген гендердің болатындығы анықталды. Осыдан адам 
геномының нуклеотидтік тізбегі ретсіз күйде болатын тізбек сияқты көрінуі мүмкін.
Сызықты хромосома түзетін әр ДНҚ молекуласының құрамында центромера, 
екі теломера және репликацияның басталу нүктелері болуы тиіс
Функциональдық хромосома түзу үшін ДНҚ молекуласының тек гендерді сақтау 
ғана емес, сонымен қатар репликациялануы және репликацияланған көшірмелердің 
клетканың әрбір бөлінуінен кейін ажырауы және еншілес клеткаларға нақты түрде та-
ралуы тиіс. Бұл процесс тізбектелген қадамдар тізбегінен тұрады. Осындай процестер 
тізбегі клетка циклы деп аталады. Клетка циклы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   205   206   207   208   209   210   211   212   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет