ХРОМОСОМАЛЫҚ ДНҚ ЖӘНЕ ОНЫҢ ХРОМАТИН ЖІПШЕЛЕРІМЕН ҚАПТАЛУЫ
231
Ашытқылар клеткаларында осы тізбектердің үшеуі де қысқа және қарапайым бо-
лады (әрқайсысы, шамамен, 1000 нуклеотидтер жұбынан тұрады). Теломера тізбектері
барлық эукариоттарда қарапайым болғанымен центромера мен репликация ориджин-
дерінің тізбектері күрделі болады. Мысалы, зерттеулер бойынша адамның центроме-
расы, шамамен, 1 миллион нуклеотидтер жұбынан тұрады және оның құрамына бе-
лок-нуклеин қышқылы құрылымдарының қайталанатын реттегіш элементтері кіреді.
Осы тізбектер хромосомамен бірге тұқым қуалайды.
Хромосомаларда ДНҚ молекулалары өте тығыз орналасады
Барлық эукариоттық организмдерде ДНҚ-ны қаптаудың арнайы жолдары болады.
Мысалы, адамның 22-хромосомасының 48 миллион нуклеотидтер жұбы ұзын сызықты
қос спираль ретінде созылса, оның ұзындығы 1,5 см болар еді, ал митоз кезінде оның
ұзындығы бар болғаны 2 мкм (2*10
-6
м) құрайды. Айтарлықтай қапталу деңгейі оны
қаптайтын көмекші белоктардың арқасында мүмкін болады.
Осы бөлімді оқыған кезде хромосомалардың динамикалық екенін ұмытпаған жөн.
Клетка циклының М фазасында әр хромосома жоғары деңгейдегі конденсацияға ұшы-
райды. Бірақ, хромосоманың кейбір аудандары гендер экспрессиясы, репликациясы
мен репарациясы кезінде, ферменттер мен белоктарға орын ашу үшін, деконденсация-
ланады және осы процестер аяқталған кезде реконденсацияланады. Хромосомалардың
қапталуы, қажетті уақытта, ДНҚ-ға қолжетімділікті қамтамасыз ету жолымен іске асы-
рылады.
Нуклеосомалар эукариоттық хромосомалық құрылымының негізгі бірлігі
болып табылады
Эукариоттық хромосомалардың қалыптасуын қамтамасыз ететін ДНҚ-мен байланыса-
тын белоктар екі негізгі класқа бөлінеді:
гистондар және
гистондық емес хромосома-
лық белоктар. Эукариоттық клеткалардың ядролық ДНҚ-сымен байланысқан осы екі
белоктар кешені
хроматин деп аталады (
Достарыңызбен бөлісу: