Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том


-сурет. Мұхит түбіндегі саңылаудың



Pdf көрінісі
бет26/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   330
1.12-сурет.
Мұхит түбіндегі саңылаудың 
айналасында 2500 метр тереңдікте мекен 
ететін организмдер. Cаңылауға жақын ай-
мақта температура 120°C-ге жетеді және осы 
аймақта геохимиялық энергияны тікелей 
қолданатын әртүрлі литотрофтық бактерия-
лар мен архейлер тіршілік етеді. Температура 
төменірек болатын алыстау аймақта осы 
микроорганизмдермен қоректенетін әртүрлі 
омыртқасыз жануарлар мекен етеді. Осы ай-
мақта тіршілік ететін алып түтікшелі құрттар (2 
метр), Riftiapachyptila, микроорганизмдермен 
қоректенудің орнына олармен симбиоз түзеді; 
құрттардың арнайы мүшелері көптеген күкірт 
тотықтырушы бактерияларды қоректендіреді. 
Осы бактериялар геохимиялық энергияны 
өзінің аузы, ішек пен айналшығы жоқ қожай-
ындарына тікелей тасымалдайды. Болжау 
бойынша түтікше құрттар қарапайым орга-
низмдерден дамыды және гидротермальдық 
саңылауларда мекен етуге бейімделді (Monika 
Bright сыпайлылығымен қолданылды).


16 1-тарау. Клеткалар мен геномдар
Ең кең биохимиялық алуан түрлілік прокариоттық клеткалар арасында орын 
алады
Қарапайым микроскоп көмегімен тірі клеткаларды, олардың құрылымдары бойынша, 
екі топқа бөлуге болатындығы бұрыннан белгілі болды: эукариоттар мен прокариот- 
тар. Эукариоттар өзінің ДНҚ-сын ядро атты (грек тілінен «шынайы жаралатын» де-
генді білдіреді, eu – «нағыз» немесе «шынайы», ал karyon – «дән» немесе «ядро») мем-
бранамен қоршалған клеткаішілік компартментте сақтайды. Прокариоттарда ДНҚ-сын 
сақтайтын айқын компартменті болмайды. Өсімдіктер, саңырауқұлақтар мен жануарлар 
эукариоттарға, ал бактериялар және сонымен қатар архейлер прокариоттарға жатады.
1.13-сурет.
Кейбір бактериялардың пішіндері мен өлшемдері. Көпшілігі кішкентай болғанымен, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет