ГЕНОМДАРДЫҢ КӨП ТҮРЛІЛІГІ ЖӘНЕ ТІРШІЛІК ШЕЖІРЕСІ
17
болады. Көпшілік жағдайда олар қатты қорғаныш қабықпен –
клетка қабығымен –
қапталады. Қабықтың астында ДНҚ, РНҚ мен белогы және тіршілікке қажетті басқа
да қарапайым молекулалары бар жалғыз цитоплазмалық компартментті қоршайтын
плазматикалық мембрана орналасады. Электрондық
микроскопта клетканың ішкі
құрылыcы ұйымдаспаған әрі айқын көрінбейтін және беті әртүрлі болатын матрица
түрінде көрінеді (
1.14-сурет
).
Прокариоттық клеткалар экологиялық аймақтардың әртүрлі
аудандарында мекен
етеді және олар биохимиялық мүмкіншіліктері мен ерекшеліктері бойынша алуан түрлі
болып келеді. Органотрофты түрлер қанттардан бастап амин қышқылдарына дейін және
көмірсутектерден бастап метан газына дейін кез келген органикалық молекулаларды
өңдей алады. Фототрофты түрлер (
1.15-сурет
) жарық энергиясын әртүрлі
көздерден
алады. Литотрофты түрлері бейорганикалық қоректік заттардан тұратын диетаны ұста-
на отырып, көміртегіні СО
2
-ден, ал энергия қажеттіліктерін H
2
S, не H
2
, болмаса Fe
2+
немесе қарапайым күкірт көмегімен де шеше алады (
Достарыңызбен бөлісу: