Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет287/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

5.26-сурет
E. coli
-дің репликация басталу нүктесінің метильденуі ДНҚ инициациясының рефрак-
торлық кезеңін қалыптастырады. ДНҚ-ның метильденуі ГАТЦ тізбегінде орын алады және репли-
кацияның басталу нүктесінде олардың 11 табылған (шамамен 250 нуклеотид жұбына созылған). 
Жартылай метильденген күйде репликацияның басталу нүктесі тежегіш белоктарымен (SecA, көр-
сетілмеген) байланыста болады. Осы белоктар инициаторлық белоктардың ДНҚ-мен байланысуын 
тежейді. Кейін (репликация инициациясынан шамамен 15 минуттан кейін) жартылай метильденген 
басталу нүктелері ДНҚ метилаза ферментімен толықтай метильденеді; SecA диссоциацияланады. Бір 
фермент Dam метилаза E. coli-дің барлық ГАТЦ тізбектерін метильдейді. Метильдену қалдықтары 
E.coli
-дің мисматч түзету жүйесімен қолданылады. Метильдену көмегімен осы жүйе жаңадан син-
тезделген тізбекті таниды; осы жағдайда сәйкес ГАТЦ тізбектері хромосома бойымен таралады және 
олар SecA-мен байланыста болмайды. 
Эукариоттық хромосомаларда көптеген репликация басталу нүктелері болады
Біз бактерияларда репликацияның бір басталу нүктесінде екі репликативтік айырдың 
қалыптасуы мен олардың екі қарама-қарсы бағытта әрекет етуін қарастырдық. Бактерия 
геномы кішкентай және осы екі репликативтік айыр геномның толық репликациясын, 
шамамен, 30 минуттың ішінде бітіреді. Эукариоттардың басым көпшілігінің геномы 
үлкен болғандықтан оны репликациялаудың басқа амалы болуы тиіс. 
Эукариоттық ДНҚ репликациясының паттерндерін анықтаудың әдісі 1960 жылдары 
жетілдірілді. Культурада өсіп жатқан адам клеткалары қысқа уақытқа 
3
Н-тимидинмен 
таңбаланды және жаңадан синтезделген ДНҚ радиоактивті болды. Кейін, клеткалар 
ерітілді де, ДНҚ фотографиялық эмульсиямен жабылған шыны слайдының бетіне 
орналастырылды. Таңбаланған ДНҚ паттерндері авторадиография атты әдістің 
көмегімен анықталды. Радиоактивті таңбамен инкубациялау уақыты репликативтік 
айырдың бірнеше микрометрге жылжуына жеткілікті болды және репликацияланған 
ДНҚ-ны жарық микроскопының астында күміс дәндер түрінде көруге болады. Осы 
жолмен репликативтік айырдың деңгейі мен оның бағыты анықтала алады (
5.27-сурет
). 
Есептеулерден кейін эукариоттық репликативтік айырдың жылдамдығы секундына 50 
нуклеотидті құрайтыны анықталды. Бұл, бактериялық айырлар жылдамдығынан, шама-


ХРОМОСОМАЛАРДА ДНҚ РЕПЛИКАЦИЯСЫНЫҢ ИНИЦИАЦИЯСЫ МЕН ОНЫҢ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   283   284   285   286   287   288   289   290   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет