319 5.29-сурет. Қалыпты эукариоттық клетка циклының төрт ке- зекті фазалары. G
1
, S және G
2
фазаларында клетка үздіксіз түр-
де өседі. М фазасы кезінде өсу тоқтайды, ядро бөлінеді және
клетка екіге бөлінеді. ДНҚ репликациясы клетка циклының S
фазасы атты бөлігінде іске асады. G
1
фазасы М және S фазала-
ры, ал G
2
фазасы S және М фазалары арасындағы ашық кезең
болып табылады.
Бір хромосоманың әртүрлі аудандары S фазаның
әртүрлі кезеңінде репликацияланады
Сүтқоректілер клеткасында басталу нүктелерінің ара-
сындағы ДНҚ-ны репликациялау, шамамен, бір сағат
уақытты алады. Бірақ сүтқоректілер клеткасында S
фаза, шамамен, 8 сағатқа созылады. Бұл уақыт барлық
басталу нүктелерінің кездейсоқ түрде активациялан-
байтынын білдіреді. Репликацияның басталу нүкте-
лері жақын орналасқан 50-ге жуық көршілес жиынтықтар ретінде активацияланады.
Эукариоттық репликацияның басталу нүктелерімен үлкен мультисуббөліктік
кешендер байланысады
Эукариоттық клеткалардың көптеген басталу нүктелері көмегімен өз хромосомаларын
репликациялайтынын қарастырғаннан кейін біз осы репликацияның басталу нүкте-
лерінің табиғатына көңіл бөлеміз. Біз бактерияларда репликацияның басталу нүкте-
лерінің инициаторлық белоктарды тартатын нақты ДНҚ тізбектері екенін көрдік. Енді
осы жағдайды бір клеткалық ашытқы клеткасында жүзеге асырылуын қарастырамыз.
Ашытқылардың әр хромосомасындағы әрбір репликацияның басталу нүктелерінің
орны белгілі.
5.30-суретте ашытқының ІІІ хромосомасы көрсетілген. Ол ең кішкентай
хромосомалардың бірі болып табылады (қалыпты адам хромосомасынан 100 еседей
кіші). Оның құрамындағы басталу нүктелері, шамамен, әр 30000 нуклеотидтер жұбы
сайын орналасады. Осы басталу нүктелерінің тек белгілі бір жиынтығы ғана қолдана-
тындығына қарамастан, ашытқының осы хромосомасы, шамамен, 15 минуттың ішінде
репликацияланады.