Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том


Бірақ, олар инновациялық өзгерістердің нәтижесінде бірнеше жолмен пайда бола алады  ( 1.19-сурет



Pdf көрінісі
бет32/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   330
21
Бірақ, олар инновациялық өзгерістердің нәтижесінде бірнеше жолмен пайда бола алады 
(
1.19-сурет
). 
1. Генішілік мутациялар: ДНҚ репликациясы процесінің негізінде орын алатын 
әртүрлі қателердің нәтижесінде ДНҚ тізбегіндегі гендердің құрамында кездейсоқ 
өзгерістер орын алады.
2. Ген дупликациясы: бір клеткада бастапқы геннің бірдей көшірмесінің жұбын түзу 
мақсатында ген дупликацияланады; осы екі ген эволюция барысында өзгере ала-
ды. 
3. ДНҚ сегментінің ауысуы: бір немесе бірнеше ген үзіліп, әртүрлі гендерге қатыс- 
ты ДНҚ сегменттерінің бір-біріне жалғануымен гибридті ген түзе алады. 
4. Көлденең (клеткааралық) тасымал: ДНҚ-ның бір бөлігі бір клетка геномынан 
басқа клетка геномына, тіпті әртүрлі организмдер арасында тасымалдана алады. 
Осы процесс генетикалық ақпараттың ата-анадан ұрпаққа қалыпты тікелей та-
сымалына  қайшы келеді.
1.19-сурет. 
Генетикалық инновацияның төрт жолы және олардың организмнің ДНҚ тізбегіне әсері
Екі әртүрлі клетка түрі тұрақты симбиотикалық ассоциацияға енген кезде арнайы көлденең тасымал 
орын алады. Бір клетканың гендері екінші клетканың геномына тасымалданыла алады (митохондрия 
мен хлоропласттары талқылаған кезде көресіз).


22 1-тарау. Клеткалар мен геномдар
Осы өзгерістер типтерінің әрқайсысы организмнің ДНҚ тізбегінде белгілі бір із 
қалдырады және жоғарыда айтылған төрт процестің орын алғанының дәлелі болып та-
былады. Келесі тарауларда осы процестің механизмдерін қарастыратын боламыз, бірақ 
қазір біз олардың салдарына тоқталамыз.
Ген дупликациялары жалғыз клеткада ұқсас гендер туыстастығының 
қалыптасуына жол ашады
Клетка еншілес клеткаларға бөлінген кезде өз геномын екі еселейді немесе дупликация- 
лайды. Дегенмен, геном бөлігінің сәйкес емес дупликациясы кезінде төтенше жағдай-
лар орын алуы мүмкін және нәтижесінде клеткада бастапқы және дупликацияланған 
сегменттер қалады. Осы жолмен ген дупликацияланған жағдайда жұптың бір гені 
мутацияларға ұшырайды және 
сол клеткада әртүрлі функция-
ларды атқаруға маманданады. 
Миллиондаған жылдар бойы 
қайталанатын 
тізбектердің 
дупликациясы мен ажырау 
процестерінің циклдары нәти-
жесінде бір ген бір геном ішін-
де гендер туыстастығын түзе 
алады. ДНҚ тізбегінің арқа-
сында прокариоттық геном-
ның осындай гендер туыстас- 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет