8 мин
9 мин
7
5 мин
|
Жаңа сабақ
Сабақты қортындылау
|
Моногибридті будандастыру -тек бір белгілі зерттелетін үдеріс. Моногибридті будандастыруда ата-ана бір-бірінен бір белгі бойынша ерекшеленеді.
Г. Мендель бұршақпен тәжірибе жүргізді. Ол будандастыру үшін сары және жасыл тұқымды өсімдіктерді таңдады.
Бірінші ұрпақтың барлық буданы сары болды. Бір жұп балама белгісі бойынша ерекшеленетін таза дарақтан алынған бірінші ұрпақтың біркелкілігі байқалады . Мендельдің бірінші заңы – бірінші ұрпақтың будандары біркелкі. Екінші ұрпақта белгілер 3 : 1 қатынаста ажырады. Мендельдің екінші заңы – ажырау заңы.
Осы зерттеулердің нәтижесінде Менделдің бірінші заңы — бірінші будандық ұрпақтың белгілерінің біркелкі болу заңы қалыптасты. Мұны бірінші ұрпақ будандарының біркелкілік заңы немесе толық доминанттылық заңы деп те атайды.
Г.Мендель тәжірибелерінің барысын жазу үшін генетикалық таңбалар қолданды.
Генетикалық таңбалар:
АА-доминантты гомозигота
аа-рецессивті гомозигота
Аа-гетерозигота
Р – ата-ана даралары
Ғ – ұрпақтары
Ғ1 – балалары,индекс ұрпақ буынының нөмірін білдіреді.
Ғ2 – немерелері екінші ұрпақ будандары
Ғ3-дің ұрпақтары.
♀ - аналық жынысы
♂ - аталық жынысы
Χ – шағылыстыру белгісі
G-генотип
А-доминантты белгі. Бір бас әріппен гаплоидты гаметадағы доминантты аллельді белгілейді.
а- рецессивті белгі.Бір кіші әріппен гаплоидты гаметадағыы рецессивті аллельді белгілейді.
Генетикалық негізгі ұғымдар
терминдер
|
анықтамасы
|
гетерозигота
|
Құрамында әр түрлі гендер бар зигота.
|
гомозигота
|
Ата анасынан бірдей аллельді гендер немесе екі доминантты АА, немесе екі рецессивті аа алған ағза.
|
генотип
|
Бұл ағза гендерінің жиынтығы.
|
фенотип
|
Бұл генетикалық белгілердің сырттай көрінуі
|
Гаметалардың тазалық заңы:
Жасыл түс гені будан ағзасында көрінбесе де,ол бәрібір гаматаға таза күйінде түсті ұрпақтарына береді.Демек, бұл заң гаметалар бір тұқым қуалау белгіге сары түс немесе жасыл түс ие екенін және оларды таза күйінде ұрпақтарына беретінін көрсетеді.
Мейоз кезінде диплоидты зиготадан 4 гаплоидты гамета түзіледі және әрбір гаметаға бір бірден аллельді ген түседі. Рецессивті гомозигота гаметаларында тек рецессивті аллель, ал доминантты гомозиготада тек доминантты аллель болады.
Тапсырма
Қызанақтың қызыл түсі сары түстен басым. Қызыл гетерозигота мен сары дарадан қандай ұрпақ күтуге болады? Олардың барлық генотипі мен фенотипін сипаттап жазыңыздар.
:
Тұқым қуалаушылықты зерттегенде Менедль ең қарапайым моногибридті будандастырудан бастап, әрі қарай біртіндеп күрделендіре түскен. Мендельделдің ұсынысы бойынша гендер латын әріптерімен белгіленеді. Бір аллельді жұптың гендерін бірдей әріппен, яғни доминантты (басым) генді үлкен әріппен, рецессивті (басылыңқы) генді кіші әріппен белгілеу ұсынылған.
|
Жаңа тақырыпты меңгеру
Жаңа тақырыпты толық түсінуге арналған тапсырма
Сабақты қалай, қаншалықты меңгергеніне қортынды жасау
|
Жаңа тақырыпты түсінгенін бақылау.
Тақырыпты қаншалықты түсінгенін білу
Сабақ қаншалықты мақсатына жеткеніне көз жеткізу
|
Қалыптастырушы бағалау
Қалыптастырушы бағалау.
Кері байланыс беру
Кері байланыс беру
|
Слайд 2
Слайд 3
Слайд 4
Слайд 5
Слайд 6
Слайд 7
Слайд 8
Слайд 9
|