Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том


Гендер мен белоктардың номенклатурасы



Pdf көрінісі
бет6/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

Гендер мен белоктардың номенклатурасы
Әр түрде оның гендерінің аталуының жеке ерешеліктері бар; ортақ қасиетке олардың 
курсив қаріпімен белгіленетін жатқызуға болады. Кейбір түрлерде (мысалы адамдар) 
гендердің аттары бөлек бас әріптермен жазылады; басқа түрлерде (мысалы данио ба-
лығы) барлығы кіші әріптермен белгіленеді; ал кейбір басқа организмдерде (мысалы 


xi
тышқан гендері) бірінші әрпі бас, ал қалғандары кіші әріптермен жазылады; немесе 
(Drosophila) бас және кіші әріптердің әртүрлі комбинациясымен белгіленеді. Белок 
өнімдерін белгілеу де әртүрлі жолмен іске асады. 
Типографиялық тәртіпсіздік бүкіл адамның жүйкесін қоздырады. Ол тек шаршата-
тын және мағынасыз ғана емес, сонымен қатар қабылданбас болып отыр. Біз бірнеше 
миллиондаған түрлердің көптеген гендерін түрлерге сай номерклатурамен белгілей 
алмаймыз. Осыған қоса, көптеген жағдайда бізге белгілі генге сілтемені оның қай түрге 
қатысты болатындығын ескермей беруге тура келеді, себебі олар адамда, гиппопотамда, 
тауықта болса да, олардың біздің талқылауымыздағы мағынасы бірдей болады. Сон-
дықтан қандай жіктеуді біз қолдануымыз қажет?
Біз осы кітапта жіктеудің және таңбалаудың әртүр мәнерлерін тастап, ортақ таңба-
лауды қолдануға шешім қабылдадық: барлық гендердің атауларын адамдар мен аудан-
дардың немесе аймақтардың атаулары сияқты жаздық – бірінші әрпі бас, ал қалғандары 
кіші әріп, бірақ геннің аталуы курсив қарпімен белгіленеді – мысады, Apc, Bazooka, 
Cdc2, Dishevelled, Egl1. геннің аталуына сәйкес белоктың белгіленуі дәл сол жолмен 
жазылады, бірақ қалыпты қаріппен белгіленеді: Apc, Bazooka, Cdc2, Dishevelled, Egl1. 
Егер организмді белгілеу қажет болса, ген аталуының алдына қосымша қойылады. 
Толықтыру үшін біз аталуларды белгілеуережелерінің бірнеше қосымша ерешелік-
тер тізімін ұсынамыз. Кейбір жағдайларда, функциясы немесе эволюция бойынша 
байланысты гендерді ажырату үшін геннің аталуына бас әріп қосылады (LacZ, RecA, 
HoxA4
). Біз қосылған әріптерді немесе сандарды геннің аталуынан сызықша арқылы 
бөлмейміз. Белоктар атауларын белгілеу одан да қиындайды. Олардың көпшілігінің 
атаулары өзгеше болады, себебі олар геннің анықталуына дейін табылған және си-
патталған. Басым бөлігінің атаулары кіші әріптермен жазылады (актин, гемоглобин, 
каталаза), ал басқалары акроним түрінде белгіленеді (мысалы, GFP – Green Fluorescent 
Protein, жасыл флуоресценттік белок). Белоктар таңбалануының осындай әртүрлі жа-
зылуын ортақ әмбебап күйге ауыстыру орныққан белгіленуге зақым келтіреді және біз 
оларды қалыпты қабылданған күйде береміз (GFp, актин, каталаза). Барлық жағдайға 
сәйкес болатын гендерді біз өзіміздің ережеміз бойынша таңбалаймыз: Gfp, Актин, 
Гемоглобин, Каталаза. Олармен танысқысы келген оқырмандар төмендегі кестеде көр-
сетілген кейбір организмдерге сай қалыпты қабылданған атаулардың қалай өзгеретінін 
аңғара алады.
Организм
Түрге сай аталуы
Осы кітапта қолданылған 
әмбебап белгілену
Ген
Белок 
Ген 
Белок 
Тышқан 
Hoxa4
Hoxa4
Hoxa4
Hoxa4
Bmp4
Bmp4
Bmp4
Bmp4
integrin α-1, ltga1
integrin α1 
integrin α-1, ltga1 integrin α1 
Адам 
HOXA4
HOXA4
HoxA4
HoxA4
Данио балығы
cyclops, cyc
Cyclops, Cyc
Cyclops, cyc
Cyclops, 
Cyc
Caernorhabditis
unc-6
UNC-6
Unc6
Unc6
Drosophila 
Sevenless, sev 
(рецессивті гено-
типке байланысты 
аталды)
Sevenless, Sev
Sevenless, Sev
Sevenless, 
Sev


xii
Оқырмандарға ескертпе
Ашытқы
Saccharomyces 
cerevisiae 
(бүршіктенетін 
ашытқы)
CDC28
Cdc28, Cdc28p
Cdc28
Cdc28
Schizosaccharomyces
pombe (бөлінетін
ашытқы)
Cdc2
Cdc2, Cdc2p
Cdc2
Cdc2
Arabidopsis 
GAI
GAI
Gai
GAI
E.coli
uvrA
UvrA
UvrA
UvrA


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет