Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет5/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

Кітаптың құрылымы
Осы кітаптың тараулары жеке дара оқыла алатындына қарамастан, олар бес бөлімге 
логикалық қатар ретінде құрастырылды. І бөлімнің алғашқы үш тарауы элементарлы 
принциптер мен биохимия негіздерін қамтиды. Оқулықты биохимияны мүлдем оқы-
маған оқырмандарға кіріспе немесе биохимия жөнінде білімі бар оқырмандарға еске 
салу курсы ретінде қолдануға болады. ІІ бөлім генетикалық ақпараттың сақталуы, экс-
прессиясы мен тасымалдануына арналған. ІІІ бөлім клеткаларды зерттеу мен талдаудың 
негізгі тәжірибелік принциптерін ұсынады; 8-тараудағы жаңа «Клетка фнукциясының 
математикалық тадлануы» атты тақырып біздің клетка реттелуі мен функциясы туралы 
түсінігімізге қосымша жарық төгеді. IV бөлім клетканың ішкі ұйымдасуын талқылай-
ды. V бөлім клеткалардың мультиклеткалық жүйелердегі әрекетін сипаттайды. Клетка 
әрекетінің талқылануы мультиклеткалық организмдердің дамуынан басталып, пато-
генез бен инфекция және туа біткен және жүре пайда болған иммундық жүйелермен 
қорытындылады.
Тарау соңындағы мәселелер
Джон Уилсон мен Тим Хант құрастырған мәселелер жиынтығы әр тараудың соңын-
да келтірілген. Осы басылымда мультиклеткалық организмдерге арналған соңғы төрт 
тараудағы мәселелер жаңартылды. Барлық мәселелердің шешімдерін Клетканың Мо-
лекулалық Биологиясы, Алтыншы Басылым: Мәселелер жинағы атты қосымша кітапта 
табуға болады.
Әдебиеттер тізімі
Таңдалған әдебиеттер тізімі әр тараудың соңында келтірілген. Олар тараудағы тақы-
рыптардың ішінде алфавиттік ретпен құрастырылған. Әдебиеттер тізіміне маңызды 
жаңалықтар тұңғыш рет баяндалған негізгі мақалалар да қосылған. 
Глоссарий терминдері
Кітаптың әр тарауында қалың қаріппен маңызды терминдер белгіленген. Курсив 
қаріпімен маңыздылығы аздау термендер таңбаланған. Кітаптың соңында клеткалық 
биологияның техникалық терминдерінің кеңейтілген глоссарий ұсынылады. Белгісіз 
терминге тап болған оқырман глоссарийде терминнің сипаттамасын таба алады. Толық 
глоссарий мен флэшкарталар жиынтығы Студенттер Вебпарағында қолжетімді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет