2.2-панельде көрсетілген, судың химиялық қасиетіне
тәуелді болады.
Судың әр молекуласында (Н
2
О) екі сутегі атомы (Н) оттегі (О) атомымен коваленттік
байланыс арқылы байланысады. Екі байланыстың полярлығы жоғары болады, себебі О
электрондар үшін өте тартымды келеді, ал сутегінің тартымдылығы төмен болады. Су
молекуласында электрондар саны бірдей болмайды. Сутегінің екі оң зарядталған элек-
тронына оттегінің теріс зарядталған бір электроны сәйкес келеді. Судың оң зарядталған
ауданы (сутегі атомдары) басқа су молекуласының теріс зарядталған ауданымен (оттегі
атомдары) жақындасқанда пайда болатын электрлік тартылыстың нәтижесінде сутек- тік байланыстар түзіледі. Осы байланыстар, коваленттік байланыстарға қарағанда, өте
әлсіз болады және термальдық қозғалыс көмегімен оңай үзіле алады. Бірақ, көптеген
әлсіз байланыстардың біріккен әсері берік бола алады. Мысалы, судың әр молекуласы
өзінің сутегі атомдарының көмегімен басқа екі су молекуласымен сутектік байланыс
түзе отырып, үлкен тор қалыптастыра алады. Тек сутектік байланыстардың арқасында
ғана су бөлме температурасында сұйық күйде болады.
Полярлы байланыстары бар және суда сутектік байланыстар түзе алатын спирт сияқ-
ты молекулалар суда өте оңай ериді. Зарядтары бар молекулалар да суда тез арада ериді.
Мұндай молекулалар гидрофильді деп аталады. Клетканың сулы ортасында кездесетін
қанттар, ДНҚ, РНҚ және көптеген белоктар осы топқа жатады. Керісінше, гидрофобты молекулалардың заряды болмайды және олар өте аз сутектік байланыстар түзеді немесе
мүлдем түзбейді, нәтижесінде суда ерімейді. Көмірсутектер
гидрофобты молекулалар-
дың жақсы мысалы бола алады. Мұндай молекулаларда сутегі атомдарының барлығы
көміртегі атомдарымен ковалентті байланысқан күйде болады (
2.1-панель ). Осындай
қасиетіне байланысты көмірсутектер толығымен гидрофобты болады – осы қасиетті
ұзын көмірсутекті құйрықтары бар клетка мембраналарында көруге болады.
Ковалентті емес байланыстардың төрт түрі клеткалардағы молекулаларды
байланыстырады
Клеткадағы қосылыстардың үлкен бөлігі әртүрлі молекулалардың ковалентті емес
байланыстардың көмегімен спецификалық түрде байланысуы нәтижесінде түзіледі.
Клеткада ковалентті емес байланыстардың үш түрі кездеседі: электростатикалық