«С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д. АСФЕНДИЯРОВА» Молекуалық биология және медициналық
генетика кафедрасы
Тест тапсырмалары
Редакция: 1
64 беттің 17 беті
туындатады?
309. Жасушада белгілі бір органоид қызметінің бұзылысы кейбір тұқым қуалайтын
аурулардың себебі болады. Маселен Лея синдромы, оның ерекшелегі тек аналық
линиядан екі жынысқа да беріледі, ауру әкеден сау бала дүниеге келеді. Осы
ерекшелігіне байланысты қандай органоид екенін анықтаңыз:
310. Акаталаземия ауруында метил спиртінің әсеріне тұрақты келеді, себебі метил
спиртін формальдегидке дейін ыдырататын каталаза ферменті жоқ. Каталаза
ферментінің жеткіліксіздігі қандай органоид қызметінің бұзылысын туындатады?
311. Цельвегер ауруы май қышқылдарының метаболизмінің бұзылуынан, өте ұзын
тізбекті май қышқылдарының деңгейі плазмада жоғары концентрациямен
анықталады. Қандай органоид қызметінің бұзылысынан болады?
312. Кератин ақуызының бұзылысынан тері ауруы дамиды. Кератин бұзылысы
жасушада қандай құрылымның түзілісін болдырмайды?
313. Әйелден жатыр ісігі алынып тасталды. Ісік жасушаларын зерттеу кезінде
хромосомалардың көптеген полюстерге ажыраған митоз анықталды. Қандай
органоид зақымдалды?
314. Ұйқы безі жасушаларының цитоплазмасында секреция циклі кезінде апикальды
бөлікте секреторлық түйіршіктері пайда болып және жойылып отырады. Бұл
түйіршіктерді жасушаның қандай құрылымдық элементтеріне жатқызуға болады?
315. Науқаста ұйқы безінің автолизіне қауіп төндіретін панкреатит асқынуы
анықталды. Бұл процесс қандай органоид дисфункциясымен байланысты?
316. Қалыпты бауыр жасушаларында белоктар синтезі қарқынды жүреді. Бауыр
жасушаларында қандай органоид жақсы дамыған?
317. H2 О2 - тәуелді тыныс алу және өт қышқылының биосинтезін қамтамасыз ететін
ферменттермен толтырылған органоидты анықтаңыз:
318. Жасушаларда көмірсулардың, липидтердің және т. б. заттардың жинақталуымен
сипатталатын аурулар жиі кездеседі. Бұл аурулардың себебі- қандай да бір
органоидта белгілі бір ферменттердің жеткіліксіздігінен туындайды. Ол қандай
органоид болуы мүмкін?
319. Адам ағзасындағы өсіп келе жатқан ұлпаларда үздіксіз спецификалық ақуыздар
синтезі қарқынды жүреді. Қандай органоид жайында сөз болып отыр?
320.
Ақуыздардың фолдазалар көмегімен үшінші реттік құрылымының
қалыптасуына қатысатын органоидты анықтаңыз.
321. Жасушада тірек және органеллалардың бағытты қоғалысын қамтамасыз ететін
жасушадағы қатты цилиндр тәрізді талшықты құрылымдар. Бұл қандай құрылым?
322. Жасушада цитоплазма бойымен бір жасушадан екіншісіне өтіп ұпалардың
беріктігін қамтамасыз ететін мықты, тартылысқа төзімді талшықты құрылымдар . Бұл
қандай құрылым?
323. Бұл құрылым жасуша көлемінің жартысынан көп бөлігін құрайды себебі ол белок
синтезі мен оның ыдырауының негізгі ауданы болып табылады, сонымен қатар
аралық метоболизмнің басым бөлігін іске асырады. Бұл қандай құрылым?
324. Актин белогының полимерленуі нәтижесінде түзіліп, деполимерлену
нәтижесінде ыдырайтын жасушадағы динамикалық талшықты құрылым.