«С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ
НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ
С.Д. АСФЕНДИЯРОВА»
Молекуалық биология және медициналық
генетика кафедрасы
Силлабус
Редакция: 1
64 беттің 6 беті
ҚАШЫҚТЫҚТАН БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН
ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУ ҮДЕРІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Қашықтықтан білім беру технологиясын қолдану арқылы оқыту кезіндегі пәннің
саясаты:
- оқу сабақтары "on-line" және "off-line" режимінде өткізіледі»;
- "on-line" режиміндегі оқу сабақтары нақтылы уақыт режимінде оқу өзара үрдісін
қарастырады: бейнеконференция (ZOOM, Hangouts, LMS Moodle, Cisco Webex, Microsoft
Teams). Әр кафедра хаттамамен бекітеді.
- "off-line" режиміндегі оқу сабақтары оқытушы мен білім алушының қарым-қатынасы
асинхронды, яғни қашықтықтан платформалар арқылы жүзеге асырылатын оқу үрдісін
қарастырады. dis.kaznmu.kz (Moodle) ішкі қарым-қатынас сервистері, сұхбаттар мен форумдар
түрінде;
-кеңестер, семинарлар, студенттердің білімін ауызша бақылау, есептерді қорғау ZOOM
платформасында және басқа платформаларда веб-конференция арқылы он-лайн режимде
жүзеге асырылады.
Кафедра міндетті:
- dis.kaznmu.kz (Moodle) платформасында курсты ресімдеу (курс атауы, құрастырушылар,
мақсаты, негізгі оқу нәтижелері, силлабус және чек-парақтар);
- dis.kaznmu.kz (Moodle) платформада, оқу материалы және тапсырмалар контентін
жүктеу. Контентті басқа білім беру платформасында орналастыру кезінде міндетті түрде
dis.kaznmu.kz (Moodle) "қосымша платформалар" бөлімінде гиперсілтемелер болу керек
(гиперсілтемелер "ҚО нұсқаулығына" сәйкес жасалуы тиіс
Студент міндетті:
- бекітілген сабақ кестесіне сәйкес міндетті түрде оқу сабақтарына (on-line және off-line)
шығуға;
- бекітілген силлабусқа сәйкес міндетті түрде сабаққа дайындалуға;
- орындалған жұмыстарды кафедраның талаптарына сәйкес ұсынуға және deadline-ді сақтай
отырып тексеруге жіберуге;
- on-line режимінде өткізілетін сабақтарға кешігуге және шықпауға жол берілмейді;
-объективті себептермен (нашар байланыс немесе оның болмауы, электр қуатының сөнуі,
техниканың істен шығуы және т. б.) студент on-line режимінде сабаққа қатыспаған жағдайда
оқытушыға дер кезінде хабар беруге;
-студент on-line сабақтарына қатыспаған немесе кешіккен жағдайда ауызша жауапқа чек-
парағына "0" балл қойылады;
- ағымдағы және қорытынды бақылау тапсырмаларын орындау кезінде Академиялық адалдық
кодексін сақтау. Аралық және қорытынды бақылаудың барлық жазбаша жұмыстары
антиплагиатқа тексеруден өтеді. Студент орындаған жұмыстарда плагиат анықталған
жағдайда, бағаланатын жұмыс түрі үшін балл "0" қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: