Молекулалық биология және генетика кафедрасы жалпы медицина мамандығы бойынша оәК



бет2/258
Дата16.10.2023
өлшемі3,88 Mb.
#116150
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   258
Байланысты:
sillabus МОЛЕКУЛАЛЫҚ БИОЛОГИЯ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ГЕНЕТИКА

1.1 Жалпы мәліметтер:
1.2 Жоғары оқу орнының аты: С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университеті
Молекулалық биология және генетика кафедрасы
1.3 Пән: “Молекулалық биология және медициналық генетика”, пәннің коды MBMG 1201
1.4 Мамандық 5В130100 – Жалпы медицина
1.5 Оқу сағаттарының көлемі – 135 сағат (3 кредит)
1.6 Курс және оқыту семестрі – бірінші курс, бірінші, екінші семестрлер
1.7 Оқытушылар туралы мәліметтер:





Аты жөні

Ғылыми дәрежесі

Қызметі

Приоритетті ғылыми бағыттары, жетістіктері

Қызметкерлердің
e. mail -ы

1

Қуандықов Есенгелді
Өсербайұлы

Медицина ғылымының докторы

профессор,
кафедра меңгерушісі

генетика

Kuandykov@inbox.ru

2

Әлмұхамбетова Светлана Қадырқызы

Биология ғылымының кандидаты

доцент

паразитология

almuhambet.s
@gmail.com

3

Нұртаева Құрманкүл Салиқызы

Медицина ғылымының кандидаты

доцент

паразитология

salyeva1945@mail.ru

4

Жұмашева Рахима Тажибайқызы

Биология ғылымының кандидаты

доцент

радиобиология

Jumasheva.r
@gmail.com

5

Нұралиева Ұлмира Әуезханқызы

Медицина ғылымының кандидаты

доцент

генетика, радиобиология

nua.ulmira@mail.ru

6

Тарақова Құралай Ақылбайқызы


аға оқытушы




-

7

Нүрпеисова Индира Көбетайқызы




оқытушы




-

8

Кыдырбаева Асем Қияшқызы




оқытушы




asem.kydyrbaeva@
mail.ru

9

Танеева Гүлжан Түленбекқызы




оқытушы




gulzhan_taneeva@
mail.ru

10

Жұмағұл Мөлдір
Жақыпжанқызы




оқытушы




Zhmoldir_kz@mail.ru

11

Жүзжан Құралай Ермакқызы




оқытушы







12

Қашағанова Жазира Абайқызы




оқытушы




abaikyzy_zh@
mail.ru

13

Қақышова Гүлзада Тұрсынбекқызы




оқытушы




-

1.8 Байланыс ақпараты:
Алматы қаласы, Масанчи көшесі 38, оқу корпусы № 7, 4 қабат.
Жұмыс тел: 292-64-23 (216 – ішкі)
E-mail: molbiology@mail.ru
Аудиториялық ғимаратты жөндеу жұмысына байланысты уақытша мекен-жайы: Мәуленов көшесі 71. Тел: 292-23-61


1.9 Пән политикасы:
Молекулалық биология және генетика кафедрасының оқытушылары жоғарғы сапалы білім берудің жауапкершілігін түсінеді және әрбір студентке адамгершілік тұрғыда қарап, студентті объективті түрде бағалауға кепілдік береді.
С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың кафедра оқытушылары Ар кодексінің барлық бөлімдерін орындауға кепілдік береді және әрбір студенттің Ар кодексін орындауын талап етеді:

  • сабаққа кешікпеу;

  • себепсіз сабақ жібермеу;

  • сабақтарға және дәрістерге студенттер тек ақ халатпен жіберіледі;

  • оқу үрдісіне белсенді қатысу;

  • практикалық сабақтың барлық тапсырмаларын орындау және талапқа сай жазу;

  • жіберілген сабақтарды оқытушы белгілеген уақытта өтеу;

  • СӨЖ бойынша тапсырмаларды жеткілікті деңгейде орындау және көрсетілген өткізу мерзімінде тапсыру;

  • барлық СОЖӨЖ сабақтарына студенттер қатысуға міндетті;

  • барлық СОЖӨЖ сабақтары бағаланбайды, СОЖӨЖ кеңес түрінде өткізіледі;

  • сабаққа қатыспаған студентке – бж қойылады;

Оқытушы баллды (10-ға дейін) төмендетуге құқылы егер:

  • студент 15 минутқа кешіксе;

  • сабаққа халатсыз қатысса;

  • альбомы болмаған жағдайда.

2. Бағдарлама:


2.1 Кіріспе
Молекулалық биология нуклеин қышқылдары мен белоктардың құрылысы мен қасиеттерін, матрицалық синтезді, генетикалық материалдардың құрылымы мен қызмет атқаруын, сонымен қатар жасушалардың құрылысы мен қызметін оның органеллаларын, жасушалардың өсу, даму, бөліну және өлу процесстерінің молекулалық негіздерін зерттейді.
Медициналық генетика тұқым қуалайтын аурулардың пайда болу себептері мен дамуын, оларды диагностикалау, алдын алу және емдеудің әдістерін зерттейді.
Медициналық жоғарғы оқу орындарында молекулалық биологияны оқытудың интеграциялық бағыты жасушалардың құрлысы мен қызметінің, гендер экспрессиясының реттелуі мен матрицалдық синтездердің, сигнал берудің молекулалық негіздерін түсінуге мүмкіндік береді. Мұның өзі қалыпты тіршілік әрекеттерін және олардың бұзылуына байлынысты қалыптасатын ауруларды, соның ішінде гендік және хромосомалық мутациалардың себебінен туындайтын тұқым қуалайтын ауруларды түсініп білудің негізгі базасы- медициналық генетиканы құрайды.
Мұндай фундаментальдық даярлық бірінші курстан бастап студенттердің классикалық ойлау қабылетін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Молекулалық биология мен медициналық генетиканы оқу барысында тіршілік процестерінің молекулалық және жасушалық құрылымы бұзылуының механизмдерін, патологлық, өзгерістердің қалыптасуы мен көрінуіндегі рөлін, сонымен қатар диагностикалау мен алдын алудың негіздерін түсінеді.
Сонымен молекулалық биология және медициналық генетика пәнін оқу арқылы білім алушылар биологиялық химия, гистология, физиология, патологиялық физиология, жалпы иммунология, фармакология, педиатрия, неврология, акушерлік және гинекологияны оқып білу үшін теориялық базаны қалыптастырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   258




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет