Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасы



бет10/11
Дата28.04.2022
өлшемі69,11 Kb.
#32634
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
№12 Дидактикалық ақпарат каз

Тіршілік циклы. Ақырғы иесі – адам және ет қоректі сүтқоректілер (ит, сирек, мысық, аю, қарсақ, түлкі және т.б.). Аралық иесі: бірінші – ескекті шаяндар (циклоптар - Cyclops strenus, диаптомустар - Diaptomus gracilis), екінші - тұщы су балықтары (шортан, судак, алабұғы т.б.) Паразит жұмыртқалары негiзгi иелерiнiң нәжiсiмен бiрге сыртқа шығады. Одан әрi даму үшiн олар мiндеттi түрде суға түсуі қажет. 3-5 аптадан кейiн жұмыртқадан көптеген кiрпiкшелермен қапталған корацидий шығады, Егер ол циклоптармен жұтылса, одан 6 iлмектi онкосфера шығады, ілмектерінің көмегімен ішек қабырғасынан өтіп, іш қуысына түседі. Осы жерде 2-3 аптадан кейiн түлеп, процеркоид типті финнаға айналады. Оның денесінің ұзындығы 0,5-0,6 мм, артқы жағында дөңгелек ілмектері бар дискісі болады.

Шаяндар екінші аралық иесінің асқазанына түскенде қорытылып, процеркоид бұлшық еттеріне өтіп, плероцеркоидқа айналады. Ол тығыз ақ құрт тәрізді личинка. Алдыңғы жағында екі сорғыш саңлаулары болады. Егер залалданған балықты басқа жырқыш балық жеп қойса, плероцеркоид тіршілігін жоймайды, жаңа иесінің ұлпасына өтеді.

Ақырғы иелеріне (адам және ет қоректі жануарлар) залалданған балықты шикі немесе жартылай шикі күйінде жегенде жұғады. Ішекте плероцеркоид ботрияларымен жабысып, жыныстық жетілген түріне айналады. Жыныстық жетілген формасының тіршілік ұзақтығы – 28 жылға дейін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет