|
Морфофизиологиялық ерекшеліктері
|
бет | 9/11 | Дата | 28.04.2022 | өлшемі | 69,11 Kb. | | #32634 |
| Байланысты: №12 Дидактикалық ақпарат казМорфофизиологиялық ерекшеліктері. Адамның гельминттерінің ішіндегі ең ірісі, ұзындығы 10 м, кейде 20 метрге дейін болуы мүмкін. Сколексі созылыңқы пішінді, сорғыштардың орнында екі ұзына бойы саңлаулары - ботриялары болады. Проглоттидтері ерекше пішінді – олардың ені ұзындығынан бірнеше есе үлкен. Бунақтарында жыныс жүйесінің құрылысы мен орналасуы бойынша ерекшелінеді: жыныс клоакасы бунақтың бүйірінде емес, оның вентральды жағының алдыңғы бөлігінде орналасқан; сары уыздары аталық безден вентральды, бунақтың бүйір бөлігінде орналасқан; жатыры тесігі болады, жұмыртқалар түскен бойда сыртқа шығарылып отырады, жатыры розетка тәрізді оралып жатады, сондықтан басқа тениидтермен салыстырғанда жетілген бунағында жыныс жүйесінің мүшелері толық жойылмайды. Жұмыртқасы сопақша пішінді, сары-қоңыр түсті, бір полюсінде қақпақшасы болады.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|