«С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ
НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ
С.Д. АСФЕНДИЯРОВА»
Молекулалық биология және медициналық
генетика
Ақпараттық –дидактикалық блок
Редакциясы: 1
11 беттің 6беті
Барлықтарында бір, екі және одан да көп талшықтары бар. Талшықтар әдетте денесінің
алдыңғы жағында орналасқан. Талшық – цитоплазманың түк тәрізді өсіндісі. Электронды
микроскоп арқылы оның өзара өрілген жіңішке жіпшелерден тұратыны көрінеді. Егер
талшықтар саны көп болса, онда біреуі артқы бағытталған болуы мүмкін. Талшықтылардың
денесі цитоплазмалық мембранадан басқа пішінінің тұрақтылығын сақтайтын арнайы
қабықша пелликуламен қапталады. Кейде талшықпен пелликуланың арасында толқынды
цитоплазмалық жарма түзіледі, ол ундулярлы мембрана деп аталады. Талшық ундулярлы
мембрананы толқын тәрізді қозғалтады. Талшық негізі эергетикалық қызмет атқаратын
органелла - кинетосомамен байланысты. Кейбір талшықтылар жасуша ішінен өтетін тығыз
өсінді тәрізді – тіректік органелласы – аксостилі болады.
Талшықтылар – гетеротрофтар. Кейбір еркін тіршілік етушілер аутотрофты қасиетке ие
және миксотрофты болып табылады. Көпшілігі теңіз және тұщы суларда тіршілік етеді. Көбі
паразиттік тіршілік етуге көшкен. Медицина үшін маңыздысы адам денесінде паразиттік
тіршілік ететін талшықтылар (3 сурет).
Достарыңызбен бөлісу: