Висцеротропты лейшманиоздың қоздырғыштарына L. donobani, L.infantum және
басқалары жатады.
Орналасуы. Бұл лейшманиялардың түрлері алдымен тері жасушаларына еніп, одан әрі
ішкі ағзалардың жасушаларына орналасады.
Географиялық таралуы. Висцеротропты лейшманиоз Үндістанда кең тараған (L.
donobani), Жерорта теңізінің жағалауында және Орта Азияда (L.infantum) кездеседі. Азияның,
Африканың және Оңтүстік Американың бірқатар елдерінде лейшманиоз лейшманиялардың
басқа түрлерімен ауру тудырады.
Морфологиялық ерекшеліктері және тіршілік циклі. Бұл лейшманиялар жарық
микроскоппен қарағанда терілік, лейшманиялардан еш ажыратылмайды, тіршілік циклдері де
сондай. Тасымалдаушылары – ауру адамдар мен иттермен, жабайы табиғатта шибөрілерден, ит
тәріздестер мен кеміргіштерден залалданатын бәкене шыбындар (москиттер).
|