Молекулалық биология және медициналық


«С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ



Pdf көрінісі
бет27/29
Дата28.04.2022
өлшемі0,99 Mb.
#32630
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
«С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ 

 

НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ  

С.Д. АСФЕНДИЯРОВА» 

 

Молекулалық биология және медициналық 



генетика  

Ақпараттық –дидактикалық блок 

Редакциясы: 1

 

11 беттің 10беті 



 

 

 



 

2  сурет.  Токсоплазманың  даму  циклы. 

  

Патогенді маңызы және диагностикасы. Адамға  токсоплазма шикі  тартылған  етті 

немесе  термиялық  дұрыс  өңделмеген  етті  пайдаланғанда жұғады.  Сонымен  бірге, мысықтың  

нәжісімен  сыртқа  бөлінген  ооцисталар  топырақтан не мысықты  сипағанда    ластанған  қол  

арқылы жұғуы  мүмкін.   Ас қорыту  каналына  түскен  паразиттер ащы  ішектің  қабырғасына  

еніп,  лимфа    арқылы    лимфа  түйіндеріне    жетіп,    онда    көбейеді,    қан    тамырлары    арқылы  

орналасатын орнына түседі. 

  Токсоплазмоз  ауруында дене t

0

 көтерiледi, терiде бөртпелер пайда болады, лимфалық 



бездер iсiнедi.  Ересек  кісілерде жедел  түрі  сирек  кездеседі, көбiнесе токсоплазмоз ешбiр 

клиникалық  симптомсыз    созылмалы  түрде  болады  (жүйке    жасушаларында,  көзде,  бұлшық 

еттерде, жүрек еттерiнде және т.б.).  

Токсоплазмоз  екiқабат  әйелдерге  өте  қауiптi.  Планцента  арқылы  өтiп,  ұрықты  өлтiруi 

немесе  токсоплазмоздың  әсерiнен  нәресте  көптеген  ақау  және  кемтарлықпен  дүниеге  келуi 

мүмкiн (гидроцефалия,  микроцефалия, анофтальмия және т.б.).  



Диагностика:  Серологиялық  реакциялар  қолданылады.  Қаннан  және  басқа  ұлпа 

биопсиясынан эндозоидтарды табу.  



Алдын  алуы. Адам,  басқа  аралық  иелері сияқты,  жұғу  көзі  бола  алмайды. Жеке  

бастың гигиенасы  ережелерін  сақтау, тағам  ретінде шикі  және  термиялық  дұрыс  өңделмеген 

етті  пайдаланбау.   



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет