Дизентериялы амеба (Entamoebina histolytica) – амебалық дизентерияның (амебиаз)
қоздырғышы, 1875 жылы Петербург ғалымы Ф.А. Леш ашқан.
Орналасуы: Адамның тоқ ішегі.
Географиялық таралуы: барлық жерде, жиі ыстық климатты елдерде.
Морфологиялық ерекшеліктері және тіршілік циклы: адам ішегінде, бұл амеба 3 түрлі
формада кездеседі: ірі вегетативті, ткандық, патогенді (forma magna); ұсақ вегетативті, ішек
қуысында тіршілік етеді (forma minuta); циста (1 сурет).
Entamoebina histolytica цисталарының ерекше сипаты 4 ядросының болуы. Цисталардың
өлшемдері 8-ден 16 мкм-ге дейін. Адам ішектеріне амеба циста кезеңінде түсуі мүмкін. Мұнда
циста ыдырап, 4 ұсақ амеба шығады. (E. histolytica forma minuta) . Олардың диаметрі – 12-25
мкм. Бұл түрі ішек қуысындағы заттарда кездеседі. Бактериялармен қоректенеді.
Достарыңызбен бөлісу: |