Молекулалық биология және медициналық


«С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ



Pdf көрінісі
бет29/29
Дата28.04.2022
өлшемі0,99 Mb.
#32630
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29
Байланысты:
паразитологя инф.дидак. блок каз

«С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ 

 

НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ  

С.Д. АСФЕНДИЯРОВА» 

 

Молекулалық биология және медициналық 



генетика  

Ақпараттық –дидактикалық блок 

Редакциясы: 1

 

11 беттің 11беті 



 

 

 



Медициналық  маңызы  бар  өкiлi-  Iшек  балантидийi  (Balantidium  coli)  -  балантидиаз 

ауруын қоздырушы.  



Орналасуы – тоқ ішектерде.  

Географиялық  таралуы – барлық  жерде, әсірес, ыстық  климатты  елдерде. 

Морфофизиологиялық  ерекшеліктері.  Балантидий  ірі  қарапайымдыларға    жатады.  

Денесi  жұмыртқа  пiшiндес,  алдыңғы  жағы  сәл  қысыңқы,  ұзындығы  30-200  мкм  (орташа  75 

мкм),  енi  -    30-65  мкм  (50  мкм).  Денесiнiң  сыртындағы  пелликула    қабығы  қысқа 

кiрпiкшелермен қапталған (5 сурет).  Алдыңғы жағында ауыз тесiгi (цитостом) орналасқан, ол 

жiңiшке  жұтқыншаққа  (цитофаринкс)  жалғасады.  Артқы  жағында    аналь  тесiгi  (цитопиг) 

орналасады. Денесiнiң  ортасында екi ядросы болады: макронуклеус және микронуклеус. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

5 сурет. Балантидий, вегетативті түрі: 1 - цитостом;  2 - 

цитофаринкс;  3 – ас қорыту  вакуолі;  4 – тіршілік өнімдерін 

шығару вакуолі;  5 - макронуклеус;  6 - микронуклеус;   

           

Цитоплазмада  көптеген  ас  қорыту  вакуольдерi  және 

артқы 

бөлiгiнде 



жиырылғыш 

вакуоль 


орналасады. 

Балантидийдiң  вегетативтiк  формасы  қолайсыз    жағдайларда  цистаға  айналады.  Цистаның 

кiрпiкшелерi болмайды, макро- және микронуклеустерi жақсы көрiнедi. Балантидий жыныссыз 

жолмен көлденең  екіге  бөліну  арқылы, жынысты  – конъюгация  арқылы көбейеді.  



Патогенді  маңызы және диагностикасы. Жұғуы цисталар сумен, жуылмаған көкөнiс 

және жемiс-жидектермен iшекке түсуі  арқылы  жүреді. Кейде  цисталар  шыбындар  арқылы 

таралады. Тоқ iшектiң кiлегейлi қабатын жарақаттап жара түзедi.  Балантидиаз ауруының негiзгi  

симптомы-  аурудың  iшi  өтедi,  iрiң  пайда  болады.  Балантидиаздың  көзі  адамнан  басқа  шошқа 

және қабандар болуы  мүмкін. Диагноз  нәжісті  микроскопиялық  зерттеуде  паразиттерді, ірің, 

қан, шырыш табу  арқылы қойылады.  

 Алдын    алуы:  шошқа  фермаларында  iстейтiн  жұмысшыларды  балантидиазға    тексеру, 

ферма  территориясын  нәжiспен  ластанудан  сақтау,  жемiс-жидектi  жуу,  шыбындармен  күрес 



жүргiзу.  

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет