Терілік лейшманиоз қоздырғыштарына Leishmania tropica minor, Leishmania tropica
major, Leishmania tropica mexicana және басқалары жатады.
Орналасуы – тері жасушалары.
Географиялық таралуы. Терілік лейшманиоз Европаның, Азия және Американың
субтропикті климаты бар елдерінде таралған. Біздің елде Leishmania tropica minor-мен
шақырылатын терілік лейшманиоз жойылған, Leishmania tropica major тудыратын терілік
лейшманиоз Закавказьде және Түркменстанның бірқатар аймақтарында кездеседі.
Морфологиялық ерекшеліктері және тіршілік циклі. Лейшманиялар өте ұсақ (2-4
мкм, кейде 8 мкм-ге дейін). Олар жасушалық паразиттер. Тіршілік циклінде олар екі кезеңнен
|