Молекулалық биология кіріспе Молекулалық биология пәні және міндеттері


Нуклеотидтердің құрылысы. Полинуклеотидті тізбектердің түзілуі



бет8/31
Дата06.10.2023
өлшемі67,07 Kb.
#112977
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31
Байланысты:
МБГ 1 семестр, 1 РК ауызша

11.Нуклеотидтердің құрылысы. Полинуклеотидті тізбектердің түзілуі.
Нуклеотидтер – нуклеин қышқылдарын құрайтын негізгі құрылымдық бірлік.
Нуклеотидтер бір-бірімен ковалентті байланыс арқылы байланысқан 3 түрлі химиялық бөліктен тұрады:
1.көміртектің бес атомы бар қант (ДНҚ молекуласында дезоксирибоза, ал РНҚ-да – рибоза);
2.қанттың 1-көміртек атомымен ковалентті байланысқан пуриндік немесе пиримидиндік азоттық негізі. Бұл екі бөлік бірігіп нуклеозид деп аталатын құрылым түзеді. ДНҚ молекуласының құрамына пуринді негіздер – аденин (А), гуанин (Г) және пиримидинді негіздер – цитозин (Ц), тимин (Т) кіреді. РНҚ-ны да осы негіздер құрайды, тек тиминнің орнына мұнда урацил (У) болады (Т урацилден метилдік топ [–СН3] арқылы ажыратылады).
3.Нуклеотидтердің 3-бөлігін фосфатты топтар (фосфор қышқылының бір немесе бірнеше қалдығы) құрайды. Фосфатты топтар бір қанттың 5-көміртегі атомымен келесі қанттың 3-көміртегі атомы арасында фосфодиэфирлік байланыстар құру арқылы полимерлі тізбек түзеді. Нуклеотидтерді кейде нуклеозид-5-монофосфат деп атайды. Мыс., аденин негізді нуклеотидті аденозин-5-монофосфат, гуанин негізді нуклеотидті гуанозин-5-монофосфат, т.с.с. Н. түссіз кристалл, суда жақсы ериді, органик. еріткіштерде ерімейді, металдармен, негіздермен тұз түзеді. Нуклеотидтер жоғары энергиялы қосылыстар болғандықтан организмдегі энергия алмасу мен жинаудағы маңызы зор.
Нуклеотидтер - ДНҚ мен РНҚ-ның құрам бөліктері. ДНҚ молекуласындагы әрбір нуклеотид үш компоненттен тұрады: тимин, аденин, гуанин, және цитозин, азот қосылыстары, 5 мүшелі көміртекті көмірсулар, дезоксирибоза және фосфор қышқылының қалдығы. РНҚ, да көмірсулардан рибоза бар, ап азот қосылысынан тимин урацилмен алмасқан.
Полинуклеотидті тізбектердің түзілуі
1953 ж Дж.Уотсон мен Френсис Крик ДНҚ молекласының ренгонограммаларын басшылыққа ала отырып,ДНҚ екі полинуклеоидтік тізбектен тұратынын дәләлдеді.Әрбір тізбек оңға қарай спиральға оралған және екеуі бірге оралып,жұп спираль құрайды.Полинуклеотидті тізбектер антипаралельді болады,немесе қарама-қарсы жаққа бағытталады.Яғни,бір тізбектің 3-ші тізбегі 2-ші тізбектің 5-ші соңына қарама-қарсы орналасады және бір-бірімен комплементарлы азоттық негіздердің арасында түзілген сутектік байланыс арқылы қосылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет