Молекулалық физика ( срс) I тақырыптық блок. Статистикалық физика және термодинамика Құрылымдық элементтер деген не?



бет9/13
Дата12.02.2022
өлшемі1,43 Mb.
#25345
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Молекулалық физика СРС (1)

12.Бойль-Мариотт заңы: газдың берілген массасы үшін тұрақты температурада газ қысымының оның көлеміне көбейтіндісі тұрақты болып қалады.Тұрақты температура кезіндегі р-ның V-ға тәуелділік қисығы изотерма деп аталады.

Авогадро заңы:кез келген газдардың бірдей температурадағы және қысымдағы молі бірдей көлемде орналасады. Қалыпты жағдайда бұл көлем: м3/моль.







13. Қысымды өлшеу.

(24 бет)


Қысым- бір дене екінші дене бетіне (мысалы, ғимарат іргетасының грунтқа, сұйықтықтың ыдыс қабырғасына, қозғалтқыш цилиндріндегі газдың піспекке, т.б.) әсер еткенде пайда болатын қалыпты күштің (дене бетіне перпендикуляр) қарқындылығын сипаттайтын физикалық шама.

Атмосфералық қысым — атмосфераның жер бетіне және ондағы заттарға түсіретін қысымы. Ол барометрмен, яғни сынап бағанасының биіктігімен (мм сын. бағ.), СИ жүйесінде паскальмен (Па), ал метеорол. ғылымында гектопаскальмен (гПа) немесе миллибармен (мб) өлшенеді. Теңіз деңгейінде атмосфералық қысым орташа алғанда 1013,25 гПа-ға (760 мм сын. бағ.) тең. Жоғарылаған сайын ауа тығыздығы кеміп, атмосфералық қысым азаяды. Жер бетіндегі қысыммен салыстырғанда 5 км биіктікте атмосфералық қысым 2 есе, 10 км биіктікте 4 есе, 15 км биіктікте 8 есе кемиді. Астана қаласының атмосфералық қысымы Алматыға қарағанда жоғары.[1] Жер шарын коршап тұрған атмосфера өзінің салмақ күші арқылы жер бетіне қысым түсіреді, оны атмосфералық қысым деп атайды. Қазіргі кезде атмосфералық қысымды гектопаскальмен (гПа) көрсетеді. Қалыптағы атмосфералық қысым ретінде оның теңіз деңгейіндегі орташа көрсеткіші (1013 гПа) алынады. Қысымы бірдей нүктелерді қосатын сызықтарды изобаралар деп атайды. Атмосфералық қысымды металдан жасалған барометр — анероидпен өлшейді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет