Молекулалы кинетикалық теорияның негізгі қағидалары


Электр өрісінің кернеулігі



бет5/18
Дата03.06.2022
өлшемі0,66 Mb.
#36309
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
физ мат

Электр өрісінің кернеулігі - өрістің көрсетілген нүктесінде орналасқан материалды нүктеге әсер ететін электр өріс күшінің осы заряд мөлшеріне қатынасы.[1]
Электр Қозғаушы Күші (ЭҚК) – электр тізбегіне жалғанған, табиғаты электрстатикалық емес энергия көзі. Тек қана электрстатик. күштер тұйық тізбекпен тұрақты токтың үздіксіз жүруін қамтамасыз ете алмайды. Өйткені бұл күштердің тұйық контур бойымен зарядты қозғалтуы үшін жұмсайтын жұмысы нөлге тең, ал ток жүрген кезде әдетте энергия шығыны болады. Сондықтан тұйық контурмен үздіксіз ток жүруі үшін электр тізбегінен тыс басқа бір энергия көзі болу керек. Бұл энергия көзі энергияны сырттан ала отырып, оны зарядтардың қозғалыс энергиясына айналдырады да, қосымша электр өрісін (Е) тудырады. Мұндай қосымша электр өрісі күшінің тұйық контур бойымен істейтін жұмысы нөлге тең болмайды: . Е' шамасы ЭҚК деп аталады және оның шамасы бірлік зарядты қозғалтуға кететін электрстатик емес күштердің жұмысына тең. Потенциал сияқты ЭҚК-да өлшеу бірлігі – Вольт (В). Электролиттердегі иондардың диффузиясы, контур арқылы өткен магнит ағынының өзгеруі (эл.-магн. индукция), т.б. ЭҚК тудырады.[1]
Ом заңы – электр тогының негізгі заңдарының бірі. Ом заңы – өткізгіштегі ток күшінің (І) осы өткізгіштің ұштары арасындағы кернеумен (U) байланысын анықтайды: U=r*І (1) мұндағы r өткізгіштің геометриялық өлшемдеріне, электрлік қасиеттеріне және температурасына байланысты болатын пропорционалдық коэффициенті r – омдық кедергі немесе өткізгіштің берілген бөлігінің кедергісі деп аталады. Ом заңын 1826 ж. неміс физигі Г. Ом (1787 – 1854) ашқан.[1]
VII) Өткізгіштің кедергісі оның температурасына тәуелді бола ма? Бұл сұраққа жауап беру үшін мынадай тәжірибені жасайық.
Спираль сияқты иілген темір сымды ток көзі мен амперметрге қосылған тізбекке тізбектей қосамыз. Амперметрдің көрсетуін аныөқтап алып, спиральді шамның жалынына ұстап қыздырамыз. Спираль қызған сайын амперметр тізбектегі токтың азайғанын көрсетеді.
Демек, қызғанда темір сымның кедергісі артады. Темір спиральді басқа металдан жасалған өткізгішпен ауыстыра отырып, қыздырған кезде барлық металдардың кедергісінің артатынын байқаймыз.
Кейбір таза металдардың кедергісі әжептәуір, ал қорытпаларда кедергі аз артады. Температура жоғарлағанда кедергісі өзгермейтін арнайы қорытпалар да бар. Оларға константан мен манганин жатады. Оларды эталондарды, реостаттар мен басқа да аспаптарды дайындауға пайдаланады. Қыздырғанда кедергінің өсу себебі, өткізгіштің температурасы артқанда, кристалдық тордың түйіндеріндегі иондар тербелісі күшейеді. Нәтижесінде, электрондар иондармен жиірек соқтығысады. Бұл олардың өткізгіштегі бағытталған қозғалысына кедергі жасайды, сондықтан кедергі артып, ток кемиді.
Өткізгіш кедергісінің температураға тәуелділігі былай анықталады:

бұдан .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет