Молекулалы кинетикалық теорияның негізгі қағидалары



бет3/18
Дата03.06.2022
өлшемі0,66 Mb.
#36309
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
физ мат

Беттік керілу[1] — екі фазаның (дененің) бөліну бетінің термодинамикалық сипаттамасы. Өлшем бірліктері Дж/м2 немесе Н/м. Беттік керілуді бөліну беті сұйықтық болған жағдайда, бет контурының ұзындық бірлігіне әсер ететін және фазалардың берілген көлемдерінде бетті ең кіші шамаға (минимумға) дейін жиыруға ұмтылатын күш ретінде де қарастыруға болады. Екі қоюланған (конденсацияланған) фазаның шекарасындағы беттік керілу, әдетте, фазааралық керілу деп аталады. Жаңа бетті түзетін жұмыс, зат молекулаларын дене көлемінен беттік қабатқа ауыстыру кезіндегі молекулааралық ілініс күшін жеңуге жұмсалады. Беттік қабаттағы молекулааралық күштердің тең әсерлі күшінің шамасы дене көлеміндегідей нөлге тең болмайды әрі ол ілініс күштері көбірек болатын фаза ішіне қарай бағытталады. Сонымен беттік керілу беттік (фазааралық) қабаттағы молекулааралық күштердің теңгерілмеуінің өлшемі болады.
Шеттік сулану бұрышы — минерал бетінің сумен әрекеттесу деңгейін көрсететін өлшем. Ол үш фазаның түйіскен нүктесінен бастап ауа-су фазаларының шекараларына жүргізілетін жанама сызықтың су мен қатты заттың шекаралық сызығы арасындағы бұрыш. Минерал беті неғұрлым күшті суланса, бұрыш соғұрлым кішірейеді және керісінше.[1].
Қылтүтіктік құбылыстар[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Jump to navigationJump to search
Сурет:154suret.jpg
1-сурет.
Шақпақ қант, сорғыш кағаз, сүлгі орамал, т.б. денелер өзіне суды жақсы сіңіретінін білесіңдер. Мүны қалай түсіндіруге болады? Осындай денелердің барлығында да өте жіңішке түтікшелер тәрізді көптеген ұсақ өзектер болады екен. Мұндай түтікшелер қылтүтіктер (капиллярларлат. капиллярис - шаш) деп аталады. Жіңішке түтікшелерде сұйықтың еркін беті кисық болады. Мұндай кисық бетті мениск деп атайды. Егер сұйық қылтүтік қабырғасына жұғатын болса, онда менискінің пішіні ойыс (1,а-сурет), ал егер жұқпайтын болса, дөңес болады.

VI) Жылу өткізгіштік - жұмыс істемей дененің ішкі энергиясының өзгеруі (қаттырақ қызған денеден суығырақ денеге жылу берілу). Жылу мөлшері - жылуалмасу кезіндегі ішкі энергия өзгерісінің өлшемі .



Әр түрлі жылулық процестердегі жылу алмасу арқылы берілген энергияны жылу мөлшері деп атайды және ол ішкі энергиянын өзгерісіне тең.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет