Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы



Pdf көрінісі
бет101/181
Дата20.09.2023
өлшемі5,92 Mb.
#109312
түріДиссертация
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   181
Байланысты:
Диссертация Маралбек Е.

 
сөздерде кездесіп,
 
белгілі процестің аяқталу барысына керек 
тұтас уақыттың мөлшерін білдіреді. Мысалы: 
1)
Мен күнаһни Жабирдин гуһ (тау) ’Арафатқа барып көз йашымны 
дида’ан хунбарымдин (қан араластырып) ақызмағунча һәр кез өтмади 
(АХ, 
229/34-38)
// Жабирден Арафат тауына дейін барып қан араластырып көз 
жасымды төкпегенше күнәмді еш кешпеді; 
2)
Шайтан айды ким меңа узун ’умур бергил сурғача тирик булай 
(АХ, 
196/42-45) 
// Шайтан айтты: «Маған ұзақ өмір бер, ақырғы заманның кернейі 
тартылғанша тірі болайын».
Берілген мысалдардың біріншісінде Адам Атаның қан аралас көз жасын 
төге жүріп, Жабирден Арафат тауына жеткенше кеткен уақыт мөлшерін білдірсе, 


121 
екіншісінде сөйлеу сәтінен бастап, ақырзаманның кернейі тартылғанға дейінгі 
уақыт шегін білдіреді.
-Ча/-чә жұрнағы «Хусрау уа Шірін» поэмасында да кездеседі. Поэмада 
күн 
батмышча // күн батқанша, таң атғынча // таң атқанша, айча // (бір) айдай 
т.б.
 
бірнеше сөздерде келеді де, белгілі шақ, мезгіл, уақыт кезеңдері 
аралығындағы уақыт мөлшері семантикасын білдіреді. Мысалы:
1)
 Күн батмышча бітәррәк сабры кітті 
(ХШ, 90p-13
) // күн батқанша одан 
бетер сабыры кетті; 
2)
 Таң атғынча тәлім гәз қылды зары 
(ХШ, 36в-20)
 // таң атқанша барлық 
кезде зар жылады

3) 
Бір айча артуқ әксүк сабыр қылды 
(ХШ, 71в-1)
 // бір айдай артық па кем 
сабыр қылды.
Берілген екі мысалда да белгілі істің басталу сәтінен таң атқанға немесе күн 
батқанға дейінгі аралықтағы уақыт мөлшері мен бір ай шамасындағы уақыт 
мөлшері семантикасын білдіреді. 
Кей қолданыстарда 
-ча, чә
жұрнағының семантикалық қызметін қазіргі 
қазақ тілінде 
-дай, -дей 
формасы атқарады. Бұл поэмадағы 
зәррәчә 
сөзінің 
қолданысынан да аңғарылады. Поэмада былай беріледі: 
Зәррәчә // зәредей: 
Кәрам қылсаң көрүнмәз зәррәчә йар 
(ХШ, 40р-20)
 мейірімділік қылсаң, көрінбес 
зәредей жар
. Контекстегі мағынасына қарай 
зәррәчә
сөзін А.Ибатов 
зәредей 
деп 
аударады [206, 89 б.]. Мұнда 
зәррә 
сөзі
 
– ең кіші көлемдегі заттарды (түйіршікті) 
бірдіретін сөз. Ал оған 
-чә
ұқсату формасы жалғану арқылы екінші бір заттың 
көлемін соған ұқсата теңеп, «кішкене» деген көлемдік семантиканы білдіріп тұр.
-Ча
жұрнағы «Адам Ата мен Хауа Ана» қиссасында да қолданыс тапқан. 
Қисса мәтінінде 
тақийаматғача // қияметке шейін, белигича // беліне дейін, 
буғазығача // тамағына дейін, чығнақығача // шынтағына дейін, ашуқығача // 
асығына шейін 
т.б. сөздер кездеседі. Аталған сөздер контексте белгілі кезеңнен 
басталған уақыттың аяқталу сәтіне дейінгі уақыт мөлшері семантикасы мен 
заттардың бойымен (дене мүшелерінің) өлшенетін ұзындық, қашықтық 
семантикаларын білдіреді. Бұл ретте барыс септігі мен 
-ча
формасы 
грамматикалық байланыста болады. Аталған қосымша 
дейін, шейін
септеулік 
шылаулардың мағынасы мен салыстыру семантикасын білдіріп, екі түрлі 
семантикалық қызметте жұмсалады. Мысалы: 
1) 
Уа йана: Йа арз хазийа дедилар. Йер белигича йутти 
(АХ, 218/24-26)
 // 
Ей, жер, тарт! – деді. Жер беліне дейін тартты;
2) 
Тақийаматғача адам фарзандини куфур ... сабаб ошбу нафс болғусыдур 
(АХ, 186/28-31) 
// Адам баласының қиямет күніне шейінгі бүкіл өмір тарихында 
кәпір болып кетуіне ... нәпсі себепкер

Бірінші мысалда 
белигича
жердің адам беліне дейінгі тереңдікте тартқанын 
білдірсе, екінші мысалда 
тақийаматғача 
сөзі қияметке дейінгі уақыт мөлшері 
семантикасын білдіреді.
-Ча
жұрнағы «Мұхаббатнаме» ескерткішінде де уақыт мөлшері 
семантикасында қолданыс табады. Мысалы: 
Давысқынча ғазал шах гөш қылды 
Меңа хил ат аийүрүб, қош тутты // 
Тауысқанша ғазалды шаһ тыңдады 
Маған шапан жауып, құрмет көрсетті 
(МН, А/75-78).
 


122 
Мұнда да белгілі іс-әрекеттің (ғазал оқудың) басталу сәтінен аяқталу сәтіне 
дейінгі уақыт мөлшері семантикасын білдіріп тұр.
Берілген мысалдар көрсеткендей, дереккөз ретінде алған үш ескерткіште де 
-ча 
жұрнағы уақыт мөлшері семантикасында қолданылған. 
-Ча
жұрнағының 
бұдан бұрынғы тарихи кезеңдерде уақыт мөлшерінен басқа да мөлшерлік 
ұғымдарды білдіргеніне қарамастан, бұл кезеңде ондай семантикалық өрісінің 
байқалмауы оның семантикалық қызметі өзге де салыстыру формаларына (
-тег 
// -дай, -дей
) ауыса бастағанын түсіндірсе керек (133-беттегі 5-кестеге қараңыз)..
– Қыпшақ ескерткіштерінде мөлшер семантикасы 
-тег
функционалды 
қосымшасы арқылы да беріледі. Аталған жұрнақтар «Хусрау уа Шірін» 
поэмасында кеңірек қолданыс табады: 
бір саʻаттег // бір сағаттай, ағызтег // 
ауыздай, тағтег // таудай, мундағ // мұндай, мунтег // мұндай, дивтег // диюдай
т.б. Бұлар контекстегі қолданылуына қарай 
уақыт, көлем, сапа, шама
ұғымдарын білдіреді. Мысалы: 
 
1)
Беліңні шәш бу бір саʻаттег олтур 
(ХШ, 97р-37)
// Беліңді шеш, бір 
сағаттай отыр; 
2)
Ағыр тур тағтег ырғанма бу йелдін 
(ХШ, 92p-44)
// Ауыр бол таудай, 
ырғалма бұл желден; 
3)
 Недің мунтег йаман йердә сарайың 
(ХШ, 30в-3)
 // Неден мұндай жаман 
жерде сарайың
.
Бірінші мысалда 
бір сағаттай
тіркесі болжалды уақыт мөлшері 
семантикасын білдіреді. Екінші мысалда 
тағтег
сөзі көлемді асырмалау және 
ұқсату семантикасын, ал үшінші мысалдағы 
мунтег
сөзі белгілі бір шаманы 
сілтеу, нұсқау семантикасын береді. Яғни 
-тег
жұрнағы үш мысалда үш түрлі 
мағынада жұмсалады. Түркі негізді есім қосымшаларының даму тарихын арнайы 
қарастырған Ж.О.Тектіғұл аталған форманың үш түрлі семантикалық қызметін 
көрсетеді: «Жалпытүркілік
тег 
шылауы ескерткіштерде үш түрлі мағынада 
жұмсалады: 1) ұқсату –
«тәрізді, секілді, ұқсас» 
мәнінде;
 
2) етістіктермен 
тіркесіп келіп, салыстыру –
 «сияқты, секілді» мәнінде; 
3) 
дейін, шейін tegin, tegin, 
tegu 
шылауы қызметінде шектеулік мәнде жұмсалады» [208, 51 б.]. Әрине, 
зерттеушінің бұл тұжырымын толықтай қуаттаймыз. Алайда 
-тег
қосымшасының семантикалық өрісі мұнымен ғана шектелмейді. Жоғарыда 
берілген бірінші мысалдағы 
бір саʻаттег // бір сағаттай 
тіркесінде келетін 
-тег
формасының семантикасы бұл үш түрдің ешқайсысына да келмейді.
Бұл форманың семантикалық ерекшелігі мен шығу төркіні туралы ХШ 
поэмасын қарастырған М.Сабыр былай дейді: «ХШ-да
-тег 
тұлғасы бастапқы 
заттың шыққан тегін білдіру мағынасынан алыстап, бірыңғай ұқсастыру 
мағынасында сын есім тудырып отырады
 
[209, 124 б.]. Ғалым бұдан әрі 
-тег
аффиксі мен 
-ча
аффиксінің шығу түркінін 
дейін, шейін
жалғаулық 
шылауларымен байланыстыра келіп, оның қазіргі түркі тілі мен көне түркі 
тілдеріндегі нұсқаларын екі топқа бөліп көрсетеді және бұларды төркіндес деп 
санайды [208, 125 б.]. Соңында бұл тақырыптағы тұжырымдарын белгілі 
ғалымдар Т.И.Рамстедт, Ж.Дени, А.Н.Кононов, С.Исаевтардың пікірлеріне 
сүйене отырып, былай деп түйіндейді: «Алғашында
 -дег//-тег 
тұлғасы дербес сөз 
ретінде қолданылған. Бірақ тіл тарихының ұзын жолында дербестігін жоғалтып, 
бірінші көмекші сөзге, одан кейін жұрнаққа айналған. Ал
«теңестіру, 
салыстыру» 
мағынасы кейінгі дәуірде пайда болған. Бірақ бұл процесс Орхон-


123 
Енисей дәуірінен ертерек кезде басталғанға ұқсайды»
 
[209, 126 б.]. Біздің 
ойымызша да 
-ча (-чә, -че) 
және
-тег
аффикстерінің төркіні бір. Бұл екі 
аффикстің түркі тілінің тарихи кезеңдерінде бірінің семантикалық қызметін 
екіншісі атқаруы, бірінің қолданылу өрісін екіншісі иеленуінің мәні осында (132-
беттегі 4-кестеге қараңыз). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   97   98   99   100   101   102   103   104   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет