119
1)
Хазіна көбрәк аның һәм астын да
(ХШ, 12р-15)
// Қазына көбірек оның
да астында;
2)
Узақрақ теді бу ішім бір анча
(ХШ, 25в-9)
// Ұзағрақ деді бұл ісім біраз;
3)
Йақынырақ келді ат бірлә
(ХШ, 23р-29)
// жақынырақ келді атпен;
4)
Булутдын көб әдізрәк
(ХШ, 19p-35)
// бұлттан көп биігірек.
Бірінші мысалда
көбірек
сөзі
сандық көптікті емес, қазынаның жалпы
мөлшерінің салыстырмалы түрде алғанда біршама көптігін білдірсе,
екінші
мысалдағы
узағырақ
сөзі белгілі істің орындалу процесі уақытпен өлшегенде
біршама көптеу уақытты алатынын білдіреді. Ал үшінші, төртінші мысалдарда
көлденең және тік бағыттағы арақашықтық мөлшерін салыстырмалы түрде
білдіріп тұр. Осы тұста еске сала кету керек, «Хусрау уа Шірін» поэмасының
лексика-грамматикалық ерекшелігін арнайы қарастырған ғалым М.Сабыр
шырай қосымшаларының семантикалық ерекшелігі туралы, аталған қосымшалар
сөзжасамдық емес, форма жасамдық жұрнақтар болған соң ба,
арнайы
тоқталмайды.
«Мұхаббатнаме» ескерткішінде де шырай қосымшаларының
-ырақ, -рақ
екі
түрі мөлшер семантикасын білдіру қызметінде жұмсалады. Бұлар ескерткіште
артуқрақ // артығырақ, хошрақ // жақсырақ
т.б. сөздерге жалғанып, заттардың
салыстырмалы шамасының,
деңгейінің, сапасының мөлшерін білдіреді.
Мысалы:
1)
Сени жанымдын артуқрақ севарман //
Сені жанымнан артығырақ сүйермін
(МН, А/325);
2)
Вафадин жавриңиз миң қатла хошрақ //
Адалдықтан жәбіріңіз мың есе жақсырақ
(МН, А/578).
Берілген екі мысалда да
артығырақ, жақсырақ
сөздері адамның ғашықтық
сезіміне, сүюдің деңгейіне байланысты қолданылған. Яғни тек деректі заттардың
мөлшерлік деңгейін ғана емес, рухани құбылыстар
мен құндылықтардың да
түрліше деңгейін, дәрежесін білдіреді.
«Адам Ата, Хауа Ана» қиссасында шырай қосымшасының мөлшерлік
семантикада қолданысы аса көп емес. Тек
көбрақ, раушанрақ
т.б.
сөздерге
байланысты
-рақ
формасы кездеседі. Мысалы:
Фаришталар һаммалары салауат
таййабат (ізгілікті) айтур ердилар. Фаришталар һамма арқаларыға көбрақ
та’зым қылур ердилар
(АХ, 198/19-21)
// Періштелердің баршалары «Таййбат»
(ізгілік) салауатын айтушы еді. Олар арқасына көбірек тағзым ететін.
Контексте
көбрақ
сөзі Аллаға ғибадат пен құлшылық шамасының салыстырмалы
көбірек мөлшерін білдіреді. Яғни қимыл-әрекеттің реттік мөлшерінің көптігі мен
артықтық семантикасын білдіреді.
– мөлшер семантикасы зат есімнен сын есім тудырушы
Достарыңызбен бөлісу: