ормандай көп Орта жүз тіркесі образды, бейнелі мәнде келген
тіркес. Бұл тіркес бір қарағанда ұлғайған теңеу сияқтанып көрінеді. Әдетте
-дай, -дей теңеу тұлғалы сөздер тіркес соңынан келсе, бір затты екінші затқа теңеген
нақты теңеулік мағынаны білдіреді. Ал мысалдағыдай алдынан келсе, мағынасы
ауысып, нақты теңеуден гөрі бір ғана абстрактілі ұғымды білдіреді (Мысалы,
айдай әлем – барша әлем).
Метафораның тағы бір белгісі – заттар мен құбылыстар айнала табиғаттағы
образды ұғымдармен ұқсастырылады. Бұл туралы Қ.Өмірәлиев те: «Метафора
теңеу сияқты суреттеудің, сипаттаудың негізгі бір тәсілі. Мұнда суреттеу,
сипаттау, баламалау арқылы жасалады, яғни суреттелетін объект өзге күллі
дүниеден өзіне ұқсатылған балама табады. Өзінің екінші образын (кейпін),
дәлірек айтқанда, екінші өзін табады. Ал бұл «екінші өзі» «бірінші өзіне» деген
көзқарас, түсінік, таным, бағалауға қарай қасиетті, қасиетсіз топтардан (зат,
құбылыстан) тұрады», –
деп кейбір метафоралы тілдік құбылыстардың ішкі сыр-
сипаты туралы тамаша айтқан [29, 233 б.].
Адам ормандай болмасы анық, бірақ
адам мен өсімдік (орман) ұқсатылуы арқылы образды мән алып, бейнелі жаңа
мағынасын тудырған. Мұнда
ормандай көп Орта жүз құрылымы «
көп, ел іргесін кең жайған» деген жалпылама «сандық мөлшер», «кеңістік мөлшер» ұғымдарын
білдірген. Тіркесте образды ұғымдарды пайдалана отырып, тыңдаушыға сөздің
әсерін барынша күшейтіп беру көзделген. Яғни автор сөздің оқырманға әсер ету
қызметін мықтап ескерген. Бұл тектес бейнелі ұғымдар сөз зергерлері болмаса,
қатардағы адамның санасына түсе қоймайды, мұның өзі тіл жұмсаушының
(жырау) шеберлігін көркем ойлау өресінің жоғарылығын көрсетеді.
Жоғарыдағы құрылымның толық метафораға жетпегендігінің тағы бір
көрінісі – тіркесте образдылық болғанымен, тура мағыналы
көп сын есім сөзі
тіркес ішінде келуі. Міне, бұл тіркестің метафоралық сапасын бәсеңдетіп тұрған
сияқты. Құрылымы тұрақтанбаған, метафораланып бара жатқан тіркестердегі
«мөлшерлік» ұғымдарды нақтылаушы компоненттер сияқтанып көрінеді.
Мұндай тіркестер көркем тіл алаңында жиі қолданыла келе, құрамындағы
қосымшалар, көмекші тілдік бірліктер ығысып, таза метафораға айналуы мүмкін
(Мысалы, ормандай орыс – «орыс – орман», таудай тұлға – таутұлға). Сондықтан
болса керек, А.А.Потебня метафораны «қысқарған теңеу» деп тұжырымдайды.
Метафоралар авторлық (окказионалды) және халықтық болып бөлінеді.
Жеке авторлық ізденістен туған
мөлшерлік метафоралар болсын, халықтық
мөлшерлік метафоралар болсын, екеуі де дүниетаныммен тікелей байланысты.
Яғни екеуі де дүниені танудың, дүниені өлшеудің ұлттық мазмұнын, ұлттық
реңкін білдіреді. Жыраулар поэзиясында екі түрі де кездеседі. Мысалы:
1. Алла деген ар болмас,
154
Ақтың жолы
тар болмас, Тар пейілді кеңімес,
Кең пейілді кемімес
(Бұқар жырау, Алла деген ар болмас, 97 б.);
2. Ұстаса – қашағанның
ұзын құрығы ,
Қалайылаған
қасты орданың сырығы, (Қазтуған жырау, Мадақ жыры, 28 б.).
Бірінші толғаудағы
тар пейіл, кең пейіл метафоралары Асан қайғыда да,
Бұқар жырауда да кездеседі. Тіпті одан да бұрынғы жазба мұралардан
кездестіруге болады. Бұл метафоралы тіркестер – қай тілдік кезеңде болмасын,
адамның ішкі әлеміне, мінезіне байланысты айтылып, мағынасы әбден
тұрақтанған тіркестер. Тіпті, өзінің образдылығын жоғалтып, қайтадан тура
мағыналы сөзге ауысып бара жатқан тіркесті сөз. Сонымен қатар,
ақтың жолы