Постмодернизм (ағылш. postmodernism) — әуелде сәулет өнері саласында қолданылған атау болып, хат жүзіндік тіке мағынасы — "модерннен кейінгі", яғни "осы заманнан кейінгі", "соңғы", "жаңа заман" дегенді білдіреді. Бұл сөздің қазақша баламасы тұрақтанбаған, кейбіреулер оны "соңғы осы заманшылдық" деп те атап жүр.
Сәулетте бұл ағым модернизмнен де көркем дегенді білдіреді. Ол көптүрлі өзге ағымдардың ерекшелігін өз бойына сіңірген, бір бойына барлық ерекшелікті қамтыған бес аспап ағым есептеледі. Кейіннен бұл ағым модернизімге қарсылық ретінде сурет, музыка, философия салаларында да қолданыла бастады және әсіресе философияда ықпалды "Постмодернизм" ағымы қалыптасты.
Постмодернизм түптеп келгенде модернизмге қарсылықтан туындаған. Ол Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Батыс Еуропалық ұлы қиялдың быт-шыт болуы себепті өз бойында тұрақтылық, заңдылық, ереже атаулыдан арылған жаңа ағымның пайда болуына түрткі болды.
АстанадағыХан Шатырдың ішкі көрінісі
Постмодернизм Қазіргі заман архитектурасы Қазіргі заман архитектурасы — 21 ғасырдың сәулеті. Басым стиль жоқ, заманауи сәулетшілер әртүрлі ондаған стильдерде жұмыс жасайды: постмодернизм және жоғары технологиялық сәулеттен бастап; үлкен ауқымда мүсін еске түсіретін өте тұжырымдамалық және мәнерлі стильдерге дейін. Түрлі стильдер мен тәсілдер озық технологиялар мен қазіргі заманғы құрылыс материалдарын жалпы пайдалану сипатына ие. Мысалы: жоғары және жеңіл, ХХ ғасырдың ғимараттарына қарағанда күштірек ғимараттар салуға мүмкіндік беретін құбыр құрылымы және автоматтандырылған жобалаудың жаңа технологиялары пайдалану үш өлшемде ғимараттарды салу және оларды модельдеуге мүмкіндік береді, сонымен қатар дәлдігі мен жылдамдығын арттырады.
ХХ ғасырда заманауи сәулеттің негізгі ескерткіштері негізінен Америка Құрама Штаттары мен Батыс Еуропа шоғырланған болса, қазіргі заманғы сәулет жаһандық болып табылады; жаңа маңызды ғимараттар Қытай, Ресей, Латын Америкасында және әсіресе, Таяу Шығыстағы Персид шығанағы елдерінде салынды; Дубайда Бурж Халифа 2016 жылы әлемдегі ең биік ғимарат болды, ал Қытайда Шанхай мұнарасы аумағы бойынша екінші ірі ғимарат болды.
Дубайдағы Бурж Халифа 2016 жыл
әлемдегі ең биік ғимарат
Қытайда Шанхай мұнарасы аумағы бойынша екінші ірі ғимарат
Уолт Дисней концерт залы
Әлемдік сауда орталығы 1
Эволюция мұнарасы
Бейжің ұлттық стадионы
Сидней Технологиялық университетінің бизнес-мектебі