Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы



Pdf көрінісі
бет133/181
Дата20.09.2023
өлшемі5,92 Mb.
#109312
түріДиссертация
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   181
 
[220],
 
Г.Амандықовалар [221] 
перифраздарды кандидаттық диссертация көлемінде қарастырса да, кейбір 
түйткілді мәселелері әлі шешімін таппай келеді. Сондықтан болса керек, жақын 
жылдары (2014) Ө.Айтбайұлы аталмыш тақырыпты тыңғылықты зерделей келіп, 
мынадай қорытынды анықтама береді: «
Перифраз дегеніміз 
– затты, процесті, 
құбылысты өз атымен атамай, басқаша атау, әрі соның негізінде сол заттың, 
процестің, құбылыстың ең негізгі бір қасиетін келтірінді мағынада қолдана 
отырып, соны образды түрде сипаттау, анықтау»
 
[222, 152 б.]. Ғалым 
перифраздарды фразеологизмдердің шеңберінде қарастыру керектігін айтады.
Жоғарыда аты аталған ғалымдардың еңбектерін мұқият зерделей келгенде, 
перифраздың басты белгісі зат пен құбылыстың 
екінші атауы
ретінде келуі деуге 
болады. Аталмыш тәсілге тән бұдан басқа да ерекшеліктер жеткілікті. Атап 
айтсақ, алғашқы атаудан ішкі семантикалық байланысын үзбеуі, образдылығы, 
логикалық мағынаны эмоциялық мағынаға ауыстыруы, эмоциялы-эксперссивті 


166 
болуы, құрылымдық, мағыналық тұтастықтың болуы, модальдық реңк күшті 
болуы, кейде түрлерінде мысқыл да араласып жатуы, позитивті болуы, 
анықтамалық қасиетінің болуы сынды басты-басты белгілерін ажыратуға болады. 
Тіл тұтынушыларына мейлінше танымалдығымен әбден қалыптасқанша көбіне 
тілдік емес, сөйлеу единицасы болып келетіндігі де басты белгісі. Осындай 
белгілерге ие бола отырып, сөз қайталауға ұрынбау, табу, эвфемизмдердің 
орнына қолданылу және оқырманға айрықша әсер ету сынды көпгенен тілдік 
қызметтері бар. Аталған ерекшеліктер мен тілдік қызметі арқылы ол басқа да 
ауыспалы мағына тудыратын көркемдік тәсілдерден ерекшеленеді.
Ойдағы ұғымды әрлеп жеткізудің айрықша бір үлгісі ретінде перифраз – 
тілдің барлық тарихи кезеңдерінде де жүйелі көрініс табатын кәнігі тәсіл. 
Өйткені ол – ең әуелі, ауызекі сөйлеу единицасы (бірлігі). Сан ғасырлар бойы 
ауызша дамыған, табиғаты ауызша сөйлеу тілін арқау ететін қазақ тілі тіпті бұған 
бай болуға тиіс және солай да. Олай болса, зерттеу нысаны етілген XV

XVIII 
ғасырлардағы жыраулар поэтикасы да перифраздылығымен көзге түседі. Қазақ 
сөз өнерінің аталған кезеңінде көптеген ұғымдар мен жасырын мағыналар осы 
перифраздар арқылы айшықты түрде берілген. Сол перифраздар арқылы 
берілген айшықты ұғымдардың бірі – «мөлшер» ұғымы.
Ө.Айтбайұлы өз зерттеуінде перифраздарды құрылымдық типтеріне қарай 
былайша топтастырады: «Қазақ тіліндегі перифраздарды құрылымдық типтерге 
топтастырғанда, 
есім перифраздар 
және
етістікті перифраздар 
деп екі топқа 
бөлдік. Есім перифраздар өз ішінен
екі мүшелі, үш мүшелі 
және
көп мүшелі 
болып үш топқа жіктеледі.
 
Екі мүшелі есім перифраздарды
 «зат есім + зат есім», 
«сын есім + зат есім», «сан есім + зат есім» 
деп үш құрылымдық топқа 
жіктедік» [222, 162 б.]. Ғалымның бұл топтастыруын басшылыққа ала отырып, 
жыраулар поэзиясында кездесетін «мөлшер» ұғымын білдіретін
 
перифраздарды 
жалпылама «мөлшерлік перифраздар» деп атай келіп, оларды лексика-
грамматикалық ерекшелігіне қарай 
есімді мөлшерлік перифраз

етістікті 
мөлшерлік перифраз 
деп екі үлкен топқа бөлуге болады.
Есімді мөлшерлік перифраздар 
есім сөздерден түзіліп, кемінде екі 
компонент тұрады. Қазақ тілінде екі компоненттен тұратын тіркестер көбіне 
қабыса, матаса, меңгеріле
байланысқан тіркестер болып келеді. Жыраулар 
поэзиясында 
есімді мөлшерлік перифраздың
матаса байланысқан түрі кездеседі. 
Мысалы: 
1. Жақсыдан туған жаман бар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет