38
ер адамдар одан да көбірек көтере алуы мүмкін. Бұлар әр адамның қуатына қарай
анықталатын жалпылама
болжалды нормалар
. Ал ауыратлеттердің әрбірінің
көтере алатын нақты салмағы бар (Илья Ильин – 243 кг). Бұл
тұста
норма
нақты
сандық мәнді көрсетеді.
Норма
кез келген зат пен құбылыстың бойында бар
мүмкіндікті де көрсетеді. Жанды-жансыз заттардың физикалық мүмкіндігі,
биологиялық күшінің іс-әрекетке қабілеттілік шегін, әрі материалдық және
механикалық қажеттіліктің деңгейін білдіреді. Мысалы,
кез келген
қозғалтқыштар белгілі қажетті күшке лайықталып жасалады және оның жұмыс
істеу мерзімінің уақытпен, қашықтықпен өлшенген шегі бар. Қозғалтқышқа өз
мүмкіндігінен артық күш түсірілгенде немесе өзінің белгіленген жұмысқа
жарамдылық мерзімі аяқталғанда жұмыс істеу механизмдері істен шығады.
Ойша немесе нақты түрде бағамдалған мұндай мөлшер –
шама
деп те аталады.
Қазақ тілінде
шамадан тыс, шектен тыс, қалыптан тыс
деген тілдік
қолданыстардың бары белгілі. Бұл кез келген зат пен іс-әрекеттің
өз
мүмкіндігінен, қалыптасқан межеден
тыс деген ұғымды білдіреді.
Норма
кейде рұқсат етілген
орташа мән
ұғымдарын да білдіреді. Сол
белгіленген шектен шықса, зат қалыпты қызметін жоғалтуы, өзіне тән қасиеттен
не сападан айырылуы мүмкін. Мысалы, әр адамның өзіне тән тамақтану, ұйықтау,
жұмыс істеу, т.б. нормасы бар, қарағайдың желге төзімділік күшінің шегі бар,
тастың
соққыға төзімділік қуаты бар, т.б. Мұндай норма түрлі факторлардың
ортақ әсерінен қалыптасқан. Сондықтан оны өзгерту біршама қиындық
тудырады. Қазақта
Достарыңызбен бөлісу: