Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы



Pdf көрінісі
бет82/181
Дата20.09.2023
өлшемі5,92 Mb.
#109312
түріДиссертация
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   181
Байланысты:
Диссертация Маралбек Е.

– Өпүм // өбім; жұтым: бір өпүм мүн // бір өбім сорпа; бір ұрттам сорпа
(МҚ, Т
1
-104). 
Өпүм
– «сыйымдылық» ұғымын білдіретін шамалауыш мөлшерлік.
Ұрттаған (өпкен) сорпаның ауыз қуысына еркін сыйарлық мөлшерін білдіреді. 
Қол мен ауыз қуысының қызметі мөлшерлік ұғымның тууына негіз болып тұр.
 
– Үзүм // үзім
(МҚ, Т
1
-105). 
Үзүм
– «көлем» ұғымын білдіретін шамалауыш 
соматизм. Бармақ пен сұқ саусақ арқылы бір рет үзіп алған зат 
(азықтық)


99 
мөлшерін білдіреді. Қолдың қызметі мөлшерлік ұғымның тууына негіз болып 
тұр. 
Мөлшерлік конструкцияда шамалауыш мөлшерліктер түбір тұлғада да 
келеді. Ондайда мөлшерлік компонент зат есім сөздерінен болады. Бірде зат
бірде сол затпен өлшенетін өлшем болып келетін мұндай ауыспалы 
мөлшерліктер сипаттау, бейнелеу мәнінде жұмсалады. М.Қашқари сөздігінде 
бұл формада мынадай сөздер кездеседі: 
– Шөп // шөкім, буда. Тұтмаш бөлігі. Бір шөп иегіл // бір шөкім жегін. 
Үгітілген, кесілген нәрселерге де солай делінеді
(МҚ, Т
1
-377). 
Шөп
– «көлем» 
ұғымын білдіретін шамалауыш мөлшерлік. Бес саусақ немесе басқа да тамақтану 
құралымен 
бір алым
көлеміне тең мөлшерді білдіреді. Қолдың қызметі 
мөлшерлік ұғымның тууына негіз болып тұр. 
– Иүк // үйік, жүк (Бір артым, бір арқа – А.Е.): бір иүк бұғдай // бір үйік 
бидай; бір арқа бидай. Бұл сөз малға артылатын жүк пен соған ұқсас нәрселерге 
қолданылады
(МҚ, Т
3
-12). 
Иүк
сөзі 
арқа

үйік 
емес, 
жүктеу, арту
мағыналарын 
білдіреді. Қазіргі қазақ тілінше тіке айтсақ, 
бір жүктем бидай, бір артым бидай
болады. Бірақ мұнда 
иүк
зат есімінің өзі ауыспалы мағынада мөлшерлік 
қызметінде жұмсалған. Бұл – бір жағы, X

XII ғғ. түркі тіліндегі мөлшерлік 
құрылымдардың өзіндік ерекшелігі. 
Иүк
– «көлем» және «салмақ» ұғымдарын 
білдіретін мөлшерлік. Адамның физикалық қуаты мен қол-аяқ және арқаның 
қызметі мөлшер ұғымның тууына негіз болып тұр. Кейбір соматикалық мөлшер 
ұғымдарында «көлем», «салмақ» ұғымдары қатар жүреді. Себебі, адамның дене 
қуаты арқылы жүзеге асатын өлшеу үдерісі заттардың салмағы мен көлеміне 
тікелей байланысты болады.
Кейде 
-ым, -ім, -ұм, -үм, -ам //-ым, -ім 
аффикстері арқылы жасалған 
мөлшерлік компонент дене мүше атауларына қатыссыз сөз болып та келеді. 
Мұндайда мөлшерлік компоненттің жасалуына негіз болған етістік түбір өзінен-
өзі істелетін немесе адамдардың қатысынсыз жүрілетін қимыл-қозғалыстарды 
білдіреді. Мысалы: 
Ақым // ағым: бір ақым сув // бір ағым су
(МҚ, Т
1
, 105). 
Ақым
– бір құлақ су мағынасын білдіреді. Қазақ тілінде 
бір ағын су

бір өзен су

бір 
арық су
деп те келеді. Мұнда ағын да, арық та өзеннің арнасын білдіреді. Ал 
аққан судың мөлшері осы арналар арқылы шамаланады және осы арналар тілде 
ағын судың мөлшерін шамалаушы мөлшерлікке айналады. Бірақ бұл – заттық 
мағынадан мөлшерлік мағынаға ауысу үдерісі саналады. Судың ағуы 
жаратылыстан бар қасиет, оған адамның қатысы шамалы. Су өздігінен ағады. Ал 
ақым
сөзінде 
ақ
түбір етістік 
-ым
аффиксі арқылы мөлшерлік семантикаға 
ауысты. Бұл – мөлшерлік компоненттердің түзілуіндегі екі дәуір (кезең) тілінің 
ерекшелігін көрсететін маңызды түйін. 
Қазіргі қазақ тілінде адам қатысын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет