Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы


М.Қашқаридың «Диуани лұғат-ит-түрік» еңбегіндегі өлшем



Pdf көрінісі
бет85/181
Дата20.09.2023
өлшемі5,92 Mb.
#109312
түріДиссертация
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   181
Байланысты:
Диссертация Маралбек Е.

3. М.Қашқаридың «Диуани лұғат-ит-түрік» еңбегіндегі өлшем 
бірліктер
Мөлшер категориясының семантикалық өрісін құрайтын тілдік бірліктердің 
ең ауқымды бөліктерінің бірі – өлшем бірліктер. Бұлар – қандай да бір 
шамалардың нақты мәнін сипаттау үшін эталон ретінде қолданылатын арнайы 
тілдік бірліктер. Олар нақтылығымен, арнайылығымен ерекшеленеді. Тіпті 
бұларды, мәні жағынан, өзге мөлшер семантикалы тілдік бірліктерге қарағанда 
нағыз мөлшерліктер деуге болады. Мөлшер семантикалы сөздер қашан да нақты 
сандық мәнге қарай жылжу үдерісінде болады. Оның ең соңғы тірелетін жері – 
нақты сандық мән. Ал өлшем бірліктер сол сандық мәннің тілдегі формасы 
саналады. Сондықтан өлшем бірліктер «мөлшер» ұғымының шеңберінде 
қарастырылып, оның семантикалық өрісінің өзегінде орналасады. Тілдің қандай 
да бір тарихи даму кезеңдерінде болмасын, қоғамдық-әлеуметтік ортада түрлі 
мақсаттарда кеңінен қолданысқа енген өлшем бірліктер мол қалыптасады. 
Сондай-ақ өлшемдік мәні бар кез келген тілдік бірліктің қолданылу жиілігі 
артқан сайын өлшем бірлікке айналады және ол нақты сандық мәнге қарай 
жақындайды. Кейде әр тілдегі төл өлшем бірліктер сол тілдің өміршеңдігін, 
әлемдік тіл кеңістігіндегі ықпалын да байқатады. Қай тілдің қолданылу аясы кең 
болса, сол тілдің өлшем бірліктер жүйесі өзге тілге енеді. Сондықтан өлшем 
бірліктерді зерттеу – қай жағынан да өзекті. 
Өлшем бірліктер тілдің тарихи қабаттары мен жаңа (қазіргі) қабаттарында 
да кездеседі. Тілдің жаңа қабаттарында халықаралық өлшем бірліктер мол 
кездессе, тарихи қабаттарында халықтық өлшем бірліктер мол кездеседі. 
М.Қашқаридың сөздігі ежелгі және орта ғасыр түркі тілінің таза тілдік табиғатын 
танытатын бірегей тілдік жәдігер болғандықтан, мұнда кездесетін өлшем 
бірліктер түркі халықтарының өлшемдік жүйесін, түркі тілінің тілдік кеңістіктегі 
қуатын көрсетеді. Өлшем бірліктер жеке тұрғанда сандық мәні белгісіз 
өлшемдердің атауы ғана, ал оның мәні тіркесте анықталады. Сондықтан кез 
келген өлшем бірліктер жеке сөз ретінде лексикалық деңгейге тиесілі 
болғанымен, нақты мөлшерлік семантиканың берілуі тұрғысынан келгенде 
синтаксистік деңгейдің нысанына жатады.
М.Қашқаридың сөздігінде кездесетін өлшем бірліктер 
салмақ, ұзындық, құн 
өлшемі
сынды бірнеше семантикалық топтарға бөлінеді. Өйткені тілдің аталған 
кезеңінде ең өзекті өлшемдік ұғымдар осы болғандықтан, соған сай өлшем 
бірліктер қалыптасады. Сөздікте кездесетін өлшем бірліктердің қатарында 
құн 
өлшемін
білдіретін бірліктер көбірек. Құн өлшемі қандай да бір заттың ішкі 
қасиеті мен адамдарға қажеттілігі арасындағы байланысты анықтайды. «Ақша –
тауардың тауары» болса, мөлшер семантикасында құн өлшемі – өлшемнің 
өлшемі. М.Қашқаридың заманында-ақ адамдар арасында «құн» ұғымы жоғары 
деңгейде қалыптасып, оның тілдік құрылымдары да бекіген. 
М.Қашқаридың сөздігінде көп ғылыми әдебиеттерде кездесе бермейтін
көне түркі кезеңі мен орта ғасырда қолданыста болған бірнеше ақша атаулары 
мен құн өлшемдері туралы деректер кездеседі. Соның бірі – көне ұйғыр елінде 
қолданылған 
қамдұ
деп аталатын мата ақша. Бұл туралы сөздікте былай берілген: 
Қамдұ – ұзындығы төрт кез, ені бір қарыс болатын бір бөлек бөз. Оның үстіне 
ұйғыр ханының мөрі басылып, сауда-саттыққа ақы пұл орнында жүреді. Бұл 
бөз ескірсе, әр жеті жылдан соң жуылып, тазартылып, үстіне жаңадан 


104 
мөртаңба басылады
(МҚ, Т
1
-478). Дәл осы мазмұндар ДТС-те де баяндалады 
[188, с. 415]. Қазіргі ұзындық өлшем бойынша есептегенде, 
қамдұ
шамамен 
ұзындығы 3 метр, ені 20 сантиметр матаға (бөзге) тең. Бұл деректер 10-12 
ғасырларда түркі жұртында қағаз ақшаның алғашқы баламасы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет