162
дұшпанмын, жатпын
мағыналарын білдіреді. Адамдардың генетикалық
байланысы және рухани әлемдегі көңілдің алыс-жақындығы «арақашықтық»
ұғымы сияқты образға ие болып, метафоралы танымға негіз болған.
Мөлшерлік метафоралар сан есімдердің қатысы арқылы да жасалады.
Есептік сан есімдер зат есімдердің сандық мәнін немесе іс-қимылдың жүзеге асу
санының ортақ аты есебінде мағынасы ауысып жұмсалады. Мысалы:
Тоқсан бес
деген тор екен,
Найза бойы жар
екен,
Түбі терең көл
екен
(Бұқар жырау, Ай, Абылай сен он бір жасыңда, 94-95 бб.).
Мысалдағы
тоқсан бес
күрделі сан есімі метафоралы мәнде жұмсалған.
Аталған
есептік сан есімі нақты санның атауы ретінде емес, адам өмірінің
уақытпен есептелген өлшемінің атауы ретінде алынып, «кәрілік» ұғымының
орнына ауысып жұмсалып тұр. Жай алынып қоймайды, сан нақты заттық ұғым
ретінде сипатталады. Яғни
Достарыңызбен бөлісу: