Мөлшер категориясының тарихи парадигмасы


 Жыраулар поэзиясы тіліндегі мөлшер семантикалы перифраздар



Pdf көрінісі
бет132/181
Дата20.09.2023
өлшемі5,92 Mb.
#109312
түріДиссертация
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   181
Байланысты:
Диссертация Маралбек Е.

 
4. Жыраулар поэзиясы тіліндегі мөлшер семантикалы перифраздар 
Көркем ойлау жүйесінде, поэтикалық мәтіндерде айрықша мәні бар 
көркемдік тәсілдердің бірі – 
перифраз
. Перифраз әлем тілдеріне ортақ ұғым 
болғанымен, жекелеген тілдердің тарихи, генетикалық ерекшеліктеріне 
байланысты өзіндік ерекшеліктері де бар. Перифраздардың тілдік құпиясын ашу 
жолындағы талпыныстар антикалық дәуірде-ақ бастау алып, бүгінге дейін 
жалғасын тауып келе жатыр. Әсіресе шетелдік ғалымдар тарапынан көп зерттеу 
нысаны етілген бұл тақырып соңғы жылдары қазақ тіл білімінде де мұқият 
қарастырыла бастады. Отандық ғалымдардың қатарында А.Байтұрсынұлы, 
Қ.Жұмалиев, 
З.Қабдолов, 
Т.Қоңыров, 
Қ.Мұхамеджанов, 
К.Шәменов, 
Ә.Болғанбаев, Р.Сыздық, Ө.Айтбайұлы, З.Қ.Ахметжанова, Г.Үсенбаева, 
Г.Амандықова, т.б. айтуға болады. Перифраз жайлы сөз болғанда, оның ең қиын 
тұсы – ауыспалы мағына жасаудың өзге түрлерімен (метафора, метонимия, 
синекдоха) шектес жататындықтан, олармен жиі шатастырылатындығы. 
Сондықтан бұл тәсіл жайлы айтылған басты-басты тұжырымдарды іріктеп 
ұсынсақ, әрі қарай тақырыпты ашуға мүмкіндік береді деп ойлаймыз.


165 
Қазақ тіл білімінде перифразды алғаш сөз еткен ғалым – А.Байтұрсынұлы 
болатын. Бірақ, бір қызығы, перифраз мәселесін арнайы қарастырған ешбір 
ғылыми әдебиетте бұл жайлы айтылмайды. А.Байтұрсынұлы «Әдебиет 
танытқыш» кітабында перифразды 
бернелеу
деп атап, тілдік, көркемдік қызметін 
арнайы түсіндірген. Нақтырақ айтқанда, белгілі бір нысанаға бағыттап, астарлап 
сөйлеуді жалпылама 
меңзеу 
деп атайды да, оны өз ішінен 
теңеу, ауыстыру
деп 
екіге бөледі. Ал сөз мағынасының ауыспалылығын білдіретін 
ауыстыруды 
өз 
ішінен тағы
алмастыру (метонимия), бейнелеу, кейіптеу, бернелеу
деп төртке 
бөледі. Мұндағы 
бернелеу
деп отырғаны сол
 перифраз
. Ғалым бернелеудің мәнін 
түсіндіре келіп, оған өзін 
«адамдықтың диқаншысы»
, сол кездегі қазақ қоғамын 
«көгі жоқ, көгалы жоқ қыр»
деп атаған өзінің өлең жолдарын мысалға келтіреді. 
Осы мысалдың өзінен-ақ ғалым 
бернелеу
деп 
перифразды
айтып отырғаны анық 
көрінеді. Ал ғалымның бернелеуге берген анықтамасы мынадай: «Бір нәрсенің, 
көбіне адамның мінезін, құлқын, ғамалын екінші нәрсенің мысалында көрсетіп 
айту – 
бернелеу 
болады. Қазақтың «бернемен сөйлеп отыр» дегені осы бернелеу. 
Бейнелеу ұлғайғанда бернелеуге айналып кетеді»
 
[210, 44 б.]. Ғалымның 
«адамдарға қатысты айтылады» дегені тегін емес. Яғни көбіне адамдарға 
қатысты іс-әрекеттер мен ұғымдарды өзге жан-жануарлармен ұштастыра 
отырып екінші атаумен береді. Сондықтан бұл аллегорияға да ұқсап кетеді. 
Кейде перифразды символ, аллегориямен ұштастырып, сатиралық сипатта 
болады. Қазақ лингвистикасында перифраздар туралы алғаш ғылыми тұжырым 
жасаған ғалымдардың бірі – З.Қ.Ахметжанова. Ғалым кандидаттық 
диссертациясында бұл тәсіл туралы өзге тілдік материалдармен салыстыра 
отырып, кеңінен баяндайды [219]. Ал әдеби процестерді, көркем тіл қазынасын 
тілдік тұрғыдан зерделеп келе жатқан көшбасшы ғалым Р.Сыздық та 
перифраздарды айналып өтпейді. Перифраздарды кең көлемде арнайы 
қарастырмаса да, оның тілдік табиғаты жайлы түсіндіре келіп: «
Перифраз
деп 
бір нәрсені немесе құбылысты, іс-әрекетті олардың бір белгісін, бір қасиетін 
көрсетіп, суреттеп айтуды танимыз», 

деген анықтама береді [211, 114 б.]. 
Алғашқы кезеңдерде көркемдік тәсілдерге көбіне әдеби тұрғыдан талдаулар 
жасалды да, оның тілдік табиғаты тереңдей қаралмады. Р.Сыздықтың Абай тілін 
саралауда перифраздар туралы айтқан тұжырымы осындай олқылықтардың 
орнын аз да болса толтырды. Ал Г.Үсенбаева


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   181




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет