3. 2 Қазіргі қазақ тіліндегі (XIX–XX ғғ.) мөлшер категориясының функционалды-семантикалық өрісі Жаратылыстық дүние, болмыс заттардан құралады және олар шекті не
шексіз, өлшеуге келетін немесе өлшеуге келмейтін, тек қиял арқылы болжауға
болатын қандай да бір шамалардан тұрады. Болмыстағы деректі-дерексіз
заттардың түрліше сипаты мен қасиеті бес сезім мүшесі арқылы және қиял, ақыл
сияқты абстрактілі ұғымдар арқылы анықталады. Ал заттардың түрліше
сипаттағы мөлшерлік белгілері де тілдік санада осы негізбен анықталып, тіл
бірліктеріне айналады. Тілдің әр деңгейіндегі зат мөлшері семантикасын
білдіретін тілдік бірліктер мөлшер ұғымының функционалды-семантикалық
өрісін құрайды. Осы мөлшердің макроөрісі әлденеше микроөрістерден құралады.
Ал «мөлшер» ұғымының микроөрістері жүйелі түрде ұйымдасқан лексика-
грамматикалық формалардың (бірліктердің) жиынтығынан тұрады. Біздің
пайымдауымызша, мөлшер макроөрісін құрайтын микросемантикалық өрістері
мыналар:
көлем, аудан, сыйымдылық, салмақ, қашықтық, уақыт, сапа, құн, қимыл мөлшері және
заттардың сандық мөлшері мен
сан мөлшері ұғымдары.
Кесте 7: мөлшер категориясының семантикалық өрісі
Мөлшер семантикасын білдіретін тілдік бірліктерді топтастырудың екі
түрлі жолы бар. Бірі – тіл деңгейлері бойынша, екіншісі – микроұғымдар аясында.
Біз мөлшер категориясының қазіргі кезеңдегі тілдік сипатын қарастырғанда, бұл
екі түрін де қатар пайдаланамыз. Себебі, қазіргі кезең тілінің материалдары көп,
мысалдар жеткілікті, толық, сондықтан оны әуелі ұғымдар аясында топтастырып,
сосын әр ұғымның ішінде тіл деңгейлері бойынша бергенде, мөлшер
категориясының толыққанды категориялық сипаты ашылады. Олай болса,
мөлшер макроөрісін құрайтын микросемантикалық өрістер мен олардың тілдік
парадигмалары мынадай:
Мөлшер
Аудан
Құн
Сан
Қашықтық
Сапа
Уақыт
Қимыл-әрекет
Сыйымдылық
Салмақ
Көлем
Сандық