35
1.3 Мөлшер категориясының тілдік жүйедегі логика-семантикалық
құрылымы және өзге шектес ұғымдармен байланысы
Әлем сан-санақсыз заттар мен құбылыстардан құралады және олар үздіксіз
даму, өзгеру үстінде болады, жаңғырып, жаңарып отырады. Сонымен қатар,
оларға түрлі қасиеттер мен функциялар тән. Айталық,
түрі, түсі, саны, сыны,
сапасы, мөлшері, күйі, қалпы, қызметі
т.б. Заттар мен құбылыстардағы мұндай
қасиеттер адам санасында көптеген ұғымдар мен түсініктердің пайда болуына
жол ашып, тіл бірліктерінің қалыптасуына негіз болады. Тіл мен танымның түрлі
деңгейлерінде өзара иек арта өмір сүретін осы ұғымдар қаншалықты бір-бірінен
ерекшеленеді десек те, кейде шет-шекарасы білінбей, аралас, шектес жатады.
Әсіресе,
«сан», «сын», «мөлшер», «өлшем», «шама»
сияқты қанаттас ұғымдар –
тілтаным үдерісінде жиі шатастырылады. Сондай-ақ мөлшер категориясының
«парадигма», «тарихи парадигма» ұғымдарымен
арақатынасы да нақты ашып
көрсетуді қажет етеді. Сондықтан «мөлшер» ұғымының аталған ұғымдардан
басты айырмашылығын табу, оған тән нақты
тілдік және категориялық
белгілерді анықтау, ішкі семантикалық өрісі мен құрылымын жүйелеу, мөлшер
категориясының тілдік сипатын танытатын өзге де лингвистикалық ұғымдармен
байланысын ашу – зерттеудің қажетті міндеттерінің бірі.
Мөлшер –
қолшатыр тәрізді категория
(зонтичная категория –
З.Қ.Ахметжанова). Ол тіл мен таным кеңістігінде кеңінен етек жайып,
тарамдалып жатады. «Мөлшер» ұғымына қазақ тілінің түсіндірме
сөздігінде
мынадай анықтамалар берілген: «1. Белгілі бір нәрсенің, заттың жалпы аумағын
көрсететін шама, көлем; 2. Бір жолғы қабылдауға арналған дәрі мөлшері; 3.
Қоспа құрамына кіретін заттардың дәл мөлшері»
[162, 237 б.]. Сөздікте аталмыш
сөздің
жалпылық, бөлшектік, дәлдік
мағыналары көрсетілген. Ал
біздің
пайымдауымызша, мөлшер дегеніміз –
болмыстағы заттар мен
құбылыстардың заттық, сандық, сындық, қимыл-қозғалыс қасиеттерінен
туындайтын түрліше деңгейден құрылған шамасы
.
«Мөлшер» ұғымының мәні екі түрлі таным деңгейінде және соған сәйкес екі
түрлі талдау тәсілдері арқылы анықталады. Бірінші, барша адамзатқа ортақ және
ең басты
философиялық категориялардың
бірі
ретінде
логикалық талдауларға
иек артады. Екінші, халықтық, ұлттық таным деңгейінде көрініс табатын,
құрылымдық-семантикалық, функционалдық-грамматикалық, тарихи-танымдық
мәні бар
тілдік категория
ретінде
семантикалық
талдауларды қажет етеді.
Сондықтан
логика-семантикалық тәсіл «
мөлшер» ұғымының мәнін ашуда
қолданылатын басты тәсілдердің бірі ретінде алынады.
Адамзаттың табиғаттағы заттар мен құбылыстар жайлы танымының үлкен
бір бөлігін олардың
шамасы, мөлшері
туралы ұғым-түсініктері құрайды. Осыған
сәйкес, біздің анықтауымыз бойынша «мөлшер» ұғымының өзі тілдік санада
мынадай ұғымдармен сипатталады:
36
Кесте 3: «мөлшер» ұғымының тілдік жүйедегі логика-семантикалық құрылымы
Мөлшер, ол – өлшем (стандарт: англ. standard – норма, образец).
Өлшем
де,
стандарт
та – семантикалық өрісі өте кең ұғымдар.
Аталған екі сөз, тіл-
тілдегі қолданысына қарағанда, бір-біріне дәл балама бола алмайды. Бірақ
«мөлшер» ұғымының бір қырын сипаттайтын ұқсас
мәндегі сөздер ретінде
алынады. Мұндағы басты ортақтық – екі ұғымға да тән
Достарыңызбен бөлісу: