60
мөлшерлік мағыналарды білдірген. Мысалы:
Тоқуз оғуз будун кентү будуным
ерті, Теңрі йір булғақын үчүн йағ болды. Бір йылқа біш йолы сүңүшдіміз. Ең ілк
Тоғу балықда сүңүшдіміз
(КТү., 45)
// Тоғыз оғыз халқы өз халқым еді, Тәңрі оғыз
халқы өз халқым еді, Тәңрі жер былғанымен жау болды. Бір жылда бес жол
соғыстық, ең ілкі Тоғуз қаласында соғыстық
.
Үзіндіде түркілердің бауырлас тоғыз оғыз халқына қарсы
ең ілкі
Тоғыз
қаласында болған соғысы жайлы айтылған. Мұнда
ілкі
сөзінің өзі уақыт жағынан
байырғы, көне, ерте заманғы
деген «шақ», «уақыт» ұғымдарын білдіреді. Уақыт,
шақ кезеңдері аталып қана қойған жоқ, ол «уақыт мөлшері»
ұғымы аясында
сипатталып тұр. Яғни
ілкі
сөзі Тоғуз қаласының ерте кезеңде салынған қала
екенін «уақыт мөлшері» арқылы аңғартады. Ал
ең ілкі
тіркесіндегі
ең
күшейткіш
үстеуі
ілкі
сөзіндегі «уақыт мөлшері» ұғымын одан сайын асырмалап, өзге ескі
қалалардың бәрінен де ерте бой көтергенін білдіреді. Сол сияқты
кечүрү (өте),
қатығды (қатты), нең (ең)
сөздері де өзі тіркескен сөздердегі мөлшерлік
ұғымдарды одан сайын асырмалап көрсетеді.
Ескерткіштерде мөлшер семантикасы
мөлшер үстеулердің
белгілі шаманың
орнына ауысып келуі арқылы да беріледі:
анча // осынша
(КТк., 2; КТү., 21),
анча
// сонша
(КТк., 5; КТү., 27, 51; ЫБ, 1, 20, 22, 24, 29, 36, 47, 50; Тон., 2, 12, 14, 20,
37; ХТ, 9/2),
бунча // көптеген
(Тар., 14),
бунча // мұнша
(КТү., 14, 53; БҚ, 2, ХІ;
МЧ, 39),
бунча // сонша
(КТк., 4; КТү., 10, 30; БҚ, ХА/12),
бунча // соншама
(КТү.,
4),
ынча
//
сонша
(ХТ, 10/4)
т.б.
Мөлшер үстеу
деп танылып жүрген
мұнша, сонша, осынша
сияқты бір топ
сөздердің үстеулік қызметінен гөрі, есімдік қызметінің
басым екені туралы
мақала көлемінде арнайы сөз еткенбіз [182]. Біз бұл сөздер тобын есімдіктердің
жаңа түрі –
мөлшер есімдіктер
деп тану керектігін ұсынғанбыз. Әлі де осы
тұжырымымызды табанды қуаттаймыз. Бұл туралы түркі тіліндегі үстеу
сөздердің даму тарихын арнайы қарастырған Е.Саурықов былай дейді: «Жалпы
сөздің қалыптасу формасына келетін болсақ, есімдіктен,
оның ішінде сілтеу
есімдіктері
мен -ча, -че (-ша, -ше)
бір түбір сөз ретінде көнеленіп, семантикалық
мағынасын өзгерткен. ...Сөздің түпкі бөлшегі
бунча
сөзі
бу+н+ча,
ал
анча
сөзінің
құрамы
ан+ча
болып қалыптасқан» [183, 150 б.]. Демек, сөздің түбірі сілтеу
есімдігі екені анық. Ал
-ча, че
аффиксі сілтеген шамаға екінші бір шаманы ұқсату
қызметінде жұмсалған. Мөлшер үстеулердің түпнегізі есімдік екенін ғұлама
ғалым А.Байтұрсынұлы да «Тіл-құрал» кітабында айтады:
«
Сонша
әдемі, мұнша
кешікті
,
онша
шапшаң емес
дейміз
. Сонша, мұнша, онша
деген сөздер
қанша?
деп сұрағанға жауап болады
(қанша әдемі? – сонша әдемі, кешікті қанша? –
мұнша, шапшаң емес қанша?– онша).
Бұлар – үстеу орнындағы есімдіктер» [138,
119 б.]. «Есімдік орнындағы үстеу» деген жоқ, «үстеу орнындағы есімдік» деп
береді. Ғалымның осы сөйлемінің мағынасына
тереңірек зер салсақ, «үстеу
семантикасы бар немесе мәтін ішінде, кейде, үстеулік қызметте жұмсалатын,
бірақ үстеу болып кетпеген есімдік сөз» дегенді түсінер едік. Бұл үстеу
табындағы аталған сөздер тобын
мөлшер есімдік
деп тануға негіз барлығын
түсіндіреді.
Десе де бұл – өз алдына бөлек тақырып. Біз жұмыста қалыптасқан үрдісті
сақтай отырып,
бұл сөздерді
мөлшер үстеу
деп береміз. Мөлшер үстеулер
ескерткіштерде көптеп кездеседі. Бұл сөздердің барлығы да
Достарыңызбен бөлісу: