2. Көне түркі ескерткіштеріндегі мөлшер семантикалы морфологиялық бірліктер Көне түркі тілінде «мөлшер» ұғымы морфологиялық деңгейде,
синтетикалық формалар арқылы да кеңінен көрініс табады. Аталған тіл
деңгейінде түрлі аффикстер заттардың сандық мәнін және қимыл-әрекеттің
дүркіндік мағынасын білдіреді. Заттар мен қимыл-әрекет «жекелік» және
«көптік» ұғымдары аясында морфологиялық құрылымға ие болады. Олардың өзі
мөлшерлік мағына тудыру ерекшелігіне қарай екі топқа бөлінеді. Бірінші тобы
заттардың сандық шамасын, яғни
сандық мөлшерін білдірсе, екінші тобы
заттардың
шамалық мөлшерін білдіреді. Олар төмендегідей:
-мыз, -міз, -дымыз, -тіміз (-мыз, -міз, -тық,- тік) қосымшалары белгісіз
сандық, көптік ұғымдарды білдіреді.
Айталық:
апамыз // бабамыз (КТү., 19),
ечүміз // атамыз (КТү., 19),
сүледіміз // соғыстық (КТү., 17),
сүңүшдіміз // соғыстық (КТү., 17, 45),
қонтурдымыз // қондырдық (КТү., 21, 38)
т.б.
Бұл аффикстер зат есім сөздерге жалғанып, сол заттың саны әлденеше
екенін немесе сол зат біреу емес, әлденеше адамдарға тәуелді екенін білдіреді.
Ал кейде етістік сөздерге жалғанып, сол қимыл-әрекетті істеушінің саны біреу
емес, әлденеше екенін білдіреді. Бұл аффикстер адамдарға қатысты айтылып,
меншік иесі мен іс-қимыл субъектілерінің
сандық мөлшерін аңғартады. Жіктік,
тәуелдік жалғауларының субъектіге қатысы туралы «Қазақ грамматикасында»
былай деп берілген: «Есім сөздердің, соның ішінде зат есімдердің бәрі бірдей
жіктік жалғауын қабылдай бермейді. Лексикалық мәні жағынан алғанда, зат
есімдердің ішінен жіктелетіні – адамның қызметі, кәсібі, мамандығы, қабілеті,
тегі, туыстығы, жынысы, жас шамасы сияқты жеке басына тән белгілері мен
қасиеттерін білдіретін сөздер. Екінші сөзбен айтқанда, жіктелетін зат есім көбіне
субъектіні білдіретін сөздер болуы тиіс»
[166, 459 б.]. Көне түркі тілінде де іс-
әрекет субъектісі мен субъектіге қатысты заттың санын білдіретін бұл аффикстік
63
форма «жекелік/көптік» ұғымдары аясында
тіресім құрайды да, заттардың
сандық мөлшерін білдіреді. Мысалы:
1) Алып ер бізіңе тегміш ерті, антағ өдке өкүнүп, Күлтегініг аз ерін іртүрү ытымыз, улуғ сүңүш сүңүшміш (КТү., 40)
// Алып ерлер бізге тиісті, сол кезде өкініп, Күлтегінді аз ермен шабуылға жібердік, үлкен соғыс жасады ;
2) Темір қапығқа тегі іртіміз анта йантурдымыз (Тон., 45)
// Темір қақпаға дейін қудық сонда қайтардық ;
3) Ечүміз, апамыз тутмыс йер-суб ідісіз болмазун, - тійін, аз будунығ ітіп, йар /атып/ (КТү., 19)
// Атамыз, бабамыз ұстаған жер-су иесіз қалмасын деп, аз халқын құрап, орнатып .
Бірінші мысалда Алып ерге қарсы Күлтегіннің соғысы баяндалған. Мұнда
іс-әрекетті істетуші субъектілердің көп екені, яғни Күлтегінді соғысқа
аттандырушылар біреу емес, әлденеше адам, тіпті бір қауым ел екені
ытымыз// жібердік етістігіндегі
-ымыз // -дік аффиксі арқылы беріліп тұр. Бұл көпше
форманың білдіретін сандық шамасы екі немесе одан да көп сандық мәнге тең.
Міне, бұл – белгісіз «сандық мөлшер» ұғымы. Екінші мысалда түркілердің Темір
қақпасына дейінгі жорығы баяндалады. Мұнда
іртіміз // қайтардық етістігіндегі