–
Eziz, едзіз // биік, әр нәрсенің биігі (МҚ, Т
1
-152);
–
Әziz, әдзіз // әзіз: әдіз иер // биік жер. Басқа әзіз нәрселерді солай дейді: әдіз тағ // биік, яки асуы ауыр тау (МҚ, Т
1
-84).
Едзіз, әдзіз сөздері сөздікте аздаған дыбыстық өзгешеліктермен екі бөлек
берілгенімен, негізінде бір сөз. «Биіктік» ұғымына жалпылама қолданылады.
М.Қашқари көне түркі тілінің әр диалектілерінде дыбыстық сәйкестіктермен
қалыптасқан сөзформаларды қаз-қалпында берген болса керек. Бірақ
едзіз (eziz) де, әдзіз (әziz) де ДТС-те кездеспейді, тек «биіктік» мағынасын білдіретін
едіз (ediz) сөзі кездеседі. ДТС-те «ediz» сөзінің:
«1. высокий; 2. возвышенный; 3. высоко; 4. высота, высокое место» сынды төрт түрлі мағынасы беріліп,
мысалдармен түсіндіріледі [188, с. 163].
М.Қашқари сөздігінде «қашықтық» ұғымы адам дене мүшелерінің түрлі
қалпын сипаттау арқылы да беріледі. Олар – тіптен, өлшем бірлік емес те, тек
мөлшерлік мағына беретін лексикалық бірліктер. Бұл топтағы сөздер зат пен
құбылыстың мөлшерін дене мүшелердің көмегімен өлшемейді. Басқаша
айтқанда, сол дене мүшенің түрлі сындық белгілерін, мөлшерлік сапасын
(ұзын- қысқалығын, кең-тарлығын, жуан-жіңішкелігін т.б.
) білдіреді. Бұлар көбіне екі
компонентті анықтауыштық қатынастағы тіркес болып келеді. Жинақтап
келгенде, бұл мөлшерлік соматизмдердің ішкі семантикалық қасиеті мынадай:
айқындауыштық, дербестік, метафоралық, ауыспалылық, т.б.
Олар мыналар:
Сұқарлаш // (ұзын құлақ): сұқарлаш бөрк // ұзын құлақ бөрік (МҚ, Т
1
-551).
Сұқарлаш – дене мүшенің ұзындық қалпын білдіретін мөлшерлік лексема. Жеке
тұрғанда
не нәрсенің болса да құлақ бөлімінің ұзындығын білдірсе, тіркес
құрамында айқындауыш ретінде келіп, нақты затқа қатысты айтылады.
Бедүк // биік; үлкен; зор. Бір нәрсенің биігі: Бедүк теві // үлкен түйе (МҚ,
Т
1
-443).
Бедүк – биіктік ұғымын білдіретін мөлшерлік лексема. Жеке тұрып та,
тіркес құрамында да бірнеше мөлшерлік ұғымдарды қатар білдіреді. Әсіресе
тіркес құрамында нақты қандай мөлшерлік ұғымды білдіретіні айқын көрінеді.
ДТС-те аталмыш сөздің «большой» және «очень» деген екі түрлі мағыналары
мысал арқылы түсіндірілген [188, с. 91].
Бедүк сөзінің тағы бір мағынасы
сөздіктегі мына бір мысалдан көрінеді:
Бағыр // бауыр. Ешкімге бойын имейтін
78
кісіні «бедүк бағырлық // үлкен бауырлы» дейді. Онысы «бауыры бүтін» дегені. Садақтың орта тұсын да «иа бағыры // садақтың бауыры (МҚ, Т
1
-105). Бұдан
бедүк сөзінің
бауыр сөзіне қатысты туындайтын
үлкен деген мағынасы
анықталады.
Сын // бой; тұрық (сын-сымбат – А.Е.): бодзлығ сынлығ кіші // ұзын бойлы кісі; бой-тұрқы ұзын кісі (Бойшаң сындарлы кісі – А.Е.). Көрді де «сын» дейді. Өйткені, көрдің ұзындығы адамның бойымен бірдей шығатын (МҚ, Т
3
-195).
Сын – адам тұлғасының ұзындық қалпын білдіретін мөлшерлік лексема. Бойдың
ұзындығын не боймен өлшенетін кез келген шаманың ұзындығын білдіреді.
Қазақ тіліндегі
«сын түзелмей, мін түзелмейді» деген мақал бар. Осы мақалдағы
сын сөзі
бой мағынасын білдіріп,
«бой түзелмей, мін түзелмейді» деген ұғымды
білдірмей ме деген ойға жетелейді.