қалыңдық/жұқалық семантикасы
ажыратылмаған. Алайда тік бағыттағы белгісіз
қашықтық мөлшері семантикасы
бар. Кейде заттар тік бағытқа қарап өссе,
қабат делінеді де, көлденең бағытқа
қарай өссе,
қатар делінеді. Ал оның
қалың/жұқалығы белгілі нысанның ойда
қалыптасқан орталық межесі негізінде анықталады. М.Қашқари сөздігінде
«жұқа» ұғымы бірнеше түрлі сөзформада кездеседі және ол былайша
түсіндіріледі:
–
Иұға // жұқа нан (жұқа жайма нан, шелпек – А.Е.) (МҚ, Т
3
-39);
–
Иұпқа // жұқа. Бұл сөздің «ф» әрпімен айтылатын нұсқасы да бар. «П» әрпі «ф» әрпімен алмасқан (МҚ, Т
3
-49);
–
Иұвқа // жұқа, жұқа нәрсенің барлығы. Мақалда былай деп келген: Анасы тевлүг иұвқа оғлы тетік қоша қапар // «айлакер анасы жұқа жапса, зерек ұлы қосарлап асар» (МҚ, Т
3
-48).
Мұндағы
иұға, иұпқа, иұвқа сөздері көне түркі тілінің диалектілерінде
түрлі
дыбыстық өзгешеліктермен айтылатын бір сөз болса керек. Көне түркі
ескерткіштерінде бұл сөз
иуйқа (Тон., 13) түрінде кездеседі. Аталған сөздер қай
бағытта және қандай заттардың
қалың/жұқалық мәнін білдірмесін, бәрі де
«қашықтық» ұғымына жатады.
«Қашықтық» ұғымы көбіне көлденең бағытты білдіреді. Көлденең бағытта
ұзын/қысқа, алыс/жақын тіресімдік ұғымдары аясында көрініс табады. Сөздікте
көлденең бағытты «қашықтық» семантикасын білдіретін мынадай сөздер
кездеседі:
–
Ұзұн // ұзын (МҚ, Т
1
-107);
–
Ызұқ // ұзын, ұзақ: ызұқ тағ // асу бермейтін тау, асуы ұзақ тау (МҚ, Т
1
-
94);
–
Қырт // қысқа, шолақ: «қырт от// қысқа шөп», сондай-ақ қысқа шашты да «қырт саш // шолақ шаш», құлықсыз сараң адамды «қырт кіші // қырт кісі» дейді (МҚ, Т
1
-401);
–
Бұрұң – бір оқ жетерлік жер қашықтығы: «Бұрұң атты // бір оқ жетерлік жерге атты» (МҚ, Т
3
-495).
Мұндағы
ұзұн, ызақ, қырт сөздері көлденең бағыттар үшін қолданылады,
алайда тік бағытты білдіруге де қолданылуы ықтимал. Мысалы,
ұзын ағаш десек,
ол тік бағытты білдіреді. Мұны
қырт сөзінің
шаш пен
шөптің ұзындық
мөлшеріне қатысты айтылуы да көрсетеді. Аталған сөздер көбіне географиялық
кеңістік емес, нақты заттарға байланысты қолданылады. Ал
бұрұң сөзі сол
кезеңде белгілі қашықтық мөлшерін білдіретін халықтық өлшемге айналған
сөзге ұқсайды. Аталған сөздің басқа сөздерден ерекшелігі –
тіресім құрмай-ақ,
қашықтық шаманы сипаттауы.
80
М.Қашқари сөздігіндегі көлденең бағыттағы қашықтық семантикасын
білдіретін сөздердің ендігі бір тобы
«алыс/жақын» ұғымдарымен беріледі.
«Арақашықтық» семантикасын білдіретін бұл сөздер деректі заттармен қатар,
абстрактілі ұғымдарға да қолданылады:
–
Иырақ // жырақ: «иырақ иер // жырақ жер». Туысқандардың, тағы басқалардың жырақ қалғанында да осы сөзді қолданады (МҚ, Т
3
-41).
–
Иағұқ // жақын: «иағұқ иер // жақын жер». Туысқан-туғандарға да «иақ иағұқ» дейді (МҚ, Т
3
-42).
–
Иақын // жақын: «Иақын иер // жақын жер», «иақын ер // иақын адам, жақын туыс» (МҚ, Т
3
-33-34).
Мұндағы