91
семантикалық ерекшелігіне қарай
өлшеуіш соматизмдер, шамалауыш
соматизмдер
деп екі топқа бөлуге болады. Бұлардың саны бір-бірімен негізінен
шамалас.
Өлшеуіш соматизмдер
заттар мен құбылыстардың шамасын, мөлшерін
тікелей өлшейді және толық мөлшерлік семантика үш компонентті синтаксистік
конструкция арқылы беріледі. Мысалы,
бір қарыс мата
десек,
қол
(қарыс)
арқылы
мата
тікелей өлшеніп тұр. Сонымен қатар, оның
бір қарыс
ұзындықтағы
мөлшері аталады. Бұл топтағы соматизмдер басқа соматизмдерге қарағанда
нақты өлшем бірлікке айналу мүмкіндігі жоғары және нақты сандық мәнге
біршама жақындау.
М.Қашқари сөздігінде
өлшеуіш соматизмдердің
мынадай түрлері кездеседі:
– Адзут // уыс
(МҚ, Т
1
-79);
абут // уыс
(МҚ, Т
1
-112)
(сөздікте авут сөзін
А.Егеубаев абут деп транскрипциялаған).
Сөздікте
уыс
сөзі
адзут, абут
секілді
екі түрлі нұсқада кездеседі. М.Қашқари зат есімдердің төрт әріпті бөлімінде
абут
сөзін
адзут
сөзінің варианты ретінде көрсеткен.
Әрі осы
адзут
сөзі туралы:
Азут – адзут секілді де айтылады
(МҚ, Т
1
-112)
, –
деп түсіндіреді. Түркі тілінің
әр бұтақтарында аздаған дыбыстық өзгерістермен айтылғаны болмаса, бұлар
дене мүше атауын білдіретін бір сөз.
Уыс
сөзінде
заттық мағынамен қатар,
өлшемге, өлшеуге бейімделген белгілі қимылдық ұғым (вербалдану) да бар. Яғни
алақанның белгілі сыйымдылық мөлшердегі формасының атауы. Мұның өзі осы
сөздің басты
функциясы зат емес, өлшеу құралы болу екенін айғақтайды.
Уыс
–
халықтық өлшем бірліктердің бірі. Ол қазақ тілінің кей қолданыстарында жалғыз
алақанның сыйымдылығын көрсетсе, кейде қос алақанды түйістіргендегі
сыйымдылық мөлшерін білдіреді. Бұған байланысты тілдік қолданыста
қос уыс
тіркесі бар. Ал М.Қашқари
уыс
сөзін зат атауы ретінде зат есім тарауында
бергенімен, сөз мағынасын түсіндіретін мысалда:
Бір адзұт нәң // бір уыс нәрсе
(МҚ, Т
1
-79) деп береді. Демек,
уыс
сөзі, ең әуелі – өлшем құралы.
– Әлік, елік
//
қол
(МҚ, Т
1
-101-102).
Сөздікте
әлік, елік
сөзі қандай да бір
мөлшерлік шаманы білдіретін өлшем бірлік ретінде емес, кәдімгі дене мүше
атауы,
қол
мағынасында беріледі. М.Қашқари бұл сөзді былайша түсіндіреді:
Оң
әлік // оң қол. Оны оғызша «сағ әлік // оң қол» дейді. Сол қолды түрік
Достарыңызбен бөлісу: